Балқаш жаңалықтары 8 ақпан 2018

Төртінші өнеркәсіптік революция мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, кәсіп орындарды дамыту керек. Бұл мемлекет тарапынан берілген үлкен мүмкіндік әрі қолдау дейді-жылу электр станциясының жұмыскерлері.Бүгін ондағы мамандар депутаттармен бірге Елбасы жолдауын талқылап, пікір алмасты.

Балықты заңсыз жолмен аулаған 12 балқаштық тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың әрқайсысына 24500 теңгеден айыппұл салынды. Линиялық полиция қызметкерлерінің рейд жұмыстары Тараңғалық пен Шұбартөбек маңында жүргізілді.

Қаламыздағы бұрынғы бас бостандығынан айыру орны балқаштық кәсіпкердің қолына өтті. Оны бизнес өкілі 12 млн. теңгеге сатып алды. Қазір құжаттарын рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізде болса, АК 159/21 түзету мекемесі 2016 жылы жабылған болатын.

Әлемдегі ең арзан жанармай Қазақстанда. «РИА Рейтинг» сарапшылары осындай тұжырымға келді. Қазір Аи-95 бензинінің 1 литруі 178 теңге. Бұл басқа елдермен салыстырғанда ең арзаны баға болып саналады.

Қазақстанда жедел- жәрдем қызметіне өзгерістер енгізілді. Ол бойынша емделушілер 4 топқа бөлінді. Соған қарай келу уақыты мен көмек көрсету мерзімі белгіленді. Жаңа ережелер 15 ақпаннан бастап күшіне енеді. Бәрі де науқастың жағдайына байланысты. Егер адамның өміріне қауіп төніп тұрса, онда дәрігерлер мекен-жайға 10 минутта жетулері қажет.

15 мектеп лицейінің оқушылары енді тіс ауруынан қорықпаса болады. Онда жаңа стоматологиялық кабинет ашылды. Енді оқу ордасында профилактикалық тексеріс жүргізіп ауырған тісті емдеуге мүмкіндік бар.

Балқаштық оқушылар медициналық университетке түсуге жеңілдік ала алады. Қарағандыдағы мемлекеттік медициналық уинверситет болашақ талапкерлерлі биология және химия пәні бойынша өтетін олимпиадаға қатысуға шақырады.

Балқашта ұлттық тағамдарға байқау жарияланды. Оған асхана шеберінің мамандары қатысып, түрлі халықтың астарын әзірлеп, сынға түсе алады. Ол үшін алдымен 20 ақпанға дейін мәдениет сарайына барып, өтініш беру керек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать