Балқаш жаңалықтары 31 мамыр 2018

Балқашта ойын автоматынан 170 мың теңге ұрлаған қарақшылар қолға түсті. Құрықталған үш күдікті Алматы қаласының тұрғындары болып шықты. Шабуыл кеше қаладағы дүкендердің бірінде болды.

Қалалық ІІБ басшысы ауысты. Бұл орында 5 жыл отырған Олег Цойдың орнына подполковник Өміржан Қуандық келді.

31 мамыр саяси репрессия қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Кеңес Одағы тұсында коммунистердің солақай саясаты салдарынан миллиондаған адам жазықсыз жапа шекті.

Қоңыратта құрылыс қарқынды түрде жүргізілуде. Қазіргі күні онда көпқабатты екі үйдің жөндеу жұмыстары 40 пайызға аяқталды. Жолдардың ескі асфальт қырылып алынып, жарық бағанадары орнатылды.

Қоңыраттағы білім саласына да ерекше мән беріліп, нысана құрылыстарына қаржы бөлінді.Мәселен, қазіргі күні №3 мектеп ғимаратында электр сымдары жаңасына ауыстырылуда.

Қоңырат күл-қоқыстан тазаратын болды. Жылдар бойы үйіліп қалған қоқыстар енді қала сыртына шығарылады. Ертеңнен бастап тендерді ұтып алған кәсіпкер тазалық жұмыстарына кіріспек.

Жаздың алғашқы күнінен бастап балқаштықтар компьютер тілін тегін меңгере алады. Қаламызда 1 маусым күні бұқара үшін компьютер мен интернет сауаттылық курсы ашылады.

Балқаштық қыздар алғаш рет Ресей еліндегі әскери университеттерге түсе алады. Екі мемлекеттің қорғаныс министірлері өзара келісім жасасты.

Бүгін балқаштықтар сауда жасап жүріп медициналық тексерістен өтті. Ақ халттылар дүниежүзілік темекіден бас тарту күніне орай қаладағы сауда орындарының бірінде денсаулық акциясын ұйымдастырды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать