Балқаш жаңалықтары 23 тамыз 2018

1) Балқаштық әйелдерді скринингтік тексерістен өтуге шақырады. Бүгіннен бастап маммографиялық көлік нәзік жандардың сүт безін тексеруге кірісті.

2) Шаһарда демалыс ошақтарын абаттандыру мен сырлау жұмыстары жалғасуда.Бүгін жауапты мекеме аллея мен саябақтағы орындықтарды, қоқыс жәшіктіктерді басқа түске бояп шықты.

3) Кино әлеміне саяхат. Балқашта балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қиын өмірі жайлы фильм түсіріліп жатыр. Әлеуметтік тақырыптағы трилогия астаналық «Кинокио» атты балалар киностудиясына тиесілі туынды.

4) Балқаштық балаларға спортпен шұғылдануға мүмкіндік көбейді. Жаңа оқу жылынан бастап қаламыздағы дене шынықтыру орталықтарында спорттық үйірмелер ашылады. Онда оқушылар қалаған спорт түрімен тегін шұғылдануларына болады.

5) Бүгін балқаштық төтенше жағдай қызметкерлері зымыран тасығыштар құлаған жағдайда апатты қалай жою салдарын пысықтады. 14 арнайы қызмет бірігіп оқыс оқиғаға сақадай-сай екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп шықты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать