Балқаш жаңалықтары 23 қаңтар 2018

Балқашта апта сайын өткізілетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесі уақытша тоқтатылды. Өйткені, термометр бағанасының күрт төмендеуінен азық-түліктер үсіп кетуіне әкеледі. Сондықтан, тауарды базарға қарағанда 15-20 пайызға арзан сататын сауда-саттық наурызға дейін тоқтатылады.

Екі күннен бергі үскірік аяз балқаштықтарды әбігерге салуда.Күн сайын төмендеген сынап бағанасының салдарынан бүгін тағыда мектептерде сабақ болмады. Көліктер қызбай, жүруден қалды. Ал осындай қақаған суыққа тұлпарларды қалай дайындау керек? Мамандардың пікіріне құлақ түрейік.

Бүгін қолмен хат жазу күні. Бұл дата әр адамның жазу үлгісі әр түрлі болатындығын, қайталанбайтындығын еске түсіріп тұру үшін белгіленген. Ал, ғалымдар жазуға қарап кісінің мінезін білуге болады, деп есептейді. Біздің тілшілер бүгін әріптердің салыну үлгісі арқылы, адамдары тануға тырысты.

Корея Республикасының Пхенчхан қаласында өтетін 23 — қысқы олимпиада жеңімпаздарына Үкіметтен қанша қаржы төленетіні белгілі болды. Спорт және мәдениет министірлігінің мәліметінше Қазақстанның қоржынына алтын салған спортшыға 250 мың доллар беріледі.

Қалада футзалдан өткен ашық біріншіліктің жеңімпазы анықталды. 10 команда 4 ай бойы таразыға түсіп, бақтарын сынаған болатын. Ал соңғы шешуші кездесу Мысшылар стадионында өтті.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать