Балқаш жаңалықтары 17 мамыр 2018

Жылдың басынан бері кене шаққан 4 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Оның барлығы да балалар. Тырысқақ секілді түрлі қауіпті ауру тарататын бұл жәндік бүлдіршіндерді таулы-орманды аймақта емес, қалада шаққан.

2.Балқашта 32 жастағы келіншек жоғалып кетті. Марьяна Сабо есімді тұрғын 10 күннен бері із-түзсіз жоқ. Оны туысқандарымен бірге полиция да іздеп жатыр. Бірақ нәтиже мардымсыз. Енді іздестіру тобына еріктілерде қосылмақшы.

3.Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қызметке алған кәсіпкерлерге мемлекет көмек беруге әзір. Қазіргі таңда жұмыспен қамту орталығында 30- дан астам мүгедек жұмыссыз ретінде есепте тұр.

4. Балқашта мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтті. Екі күн бойы 20-ға жуық мемлекеттік мекеме мамандары тұрғындарды бір уақытта, бір мезгілде қабылдап, бұқараның сұрақтарына жауап берді.

5. Балқаштық жұмыссыздар мен кәсіпкерлер мемлекеттен несие ала алады. Қазір қалалық жұмыспен қамту орталығында ниет білдірушілерден өтінімдер қабылдау басталды.

6. Қазақстандықтар өз ұялы телефондарын ЖСН нөмеріне байланыстырулары қажет. Өйтпеген жағдайда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Қазақстанда мобильді құрылғыларды тіркеуге қою ережесі өзгерді.

7.Бүгін барша мұсылман жамағаты қадір тұтқан Рамазан айы басталды. Шапағаты мен шарапаты мол айда мұсылман қауымы ауыз бекітіп, сауап алуға тырысады. Ал биылғы ораза 29 күнге ұласып,14 маусым күні аяқталады. Және 15 күні ораза айттың таңғы намазы оқылады.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *