Балқаш жаңалықтары 11 шілде 2018

Алапат өрт! Қалалық  автобекеттің  маңындағы  жағар-жанармай    құю бекеті өртке оранды.

Балқаштық дүкен иесіне 100 мың теңге айыппұл салынып, алкаголь өнімін сатуға 2 айға тыйым салынды. Кәмелетке толмаған балаға бір шөлмек сыра сатқаны үшін кәсіпкерге осындай жаза тағайындалды.

Биыл балқашта жапырақ жегіш құрттардың саны аз. Дей тұрғанмен, олардың көздерін түбегейлі жою үшін залалсыздандыру шаралары әлі де жалғасуда. Жоспарға сәйкес бүгін мамандар орталық саябақтағы зиянкестерге дәрі септі.

Балқашта Желтоқсан көшесі 3 күнге жабылады. Балқаш мысының 80 жылдық мерейтойына және мысшылар мерекесіне орай ондағы автокөлік қозғалысы тоқтатылады.

Мысшылар стадионында жөндеу жұмысы жүргізілуде. Негізі спорттық кешен былтыр қаланың 80 жылдығына орай жөнделу керек еді. Алайда, өткен жылы қаржы бөлінбей, стадионды жаңалау биылға қалдырылды. Қазір құрылысшылар ондағы залдар мен киім алмастыратын және жуынатын бөлмелерді жаңартуда.

Биыл Балқашта алғашқы қара мыстың алынғанына 80 жыл. Оы аптада мысшылар осы айтулы мерекені атап өтеді. Осы датаға орай біз халық арасына шығып, зауытта еңбек еткен немесе әлі жұмыс жасайтын жақындары жайлы сұрап қайттық.

Балқаштық футболшылар осы сенбі күні өз алаңында алматылықтарды қабылдайды. Металлург командасы «УТЦ ЦСКА»- мен кездеседі. Жерлестеріміз әуесқой футболдан Алматы біріншілігінің А лигасында өнер көрсетуде.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *