Балқаш жаңалықтары 10 шілде 2018

Айтып келмейтін апат. Бүгін Ағыбай батыр мен Рысқұлов көшесінде екі көлік соқтығысты. Жеңіл авто көлік пен Минивен арасындағы қақтығыс күндіз болды.Сағат екінің кезінде Минивен көпірден түсіп, Ағыбай батырмен Рысқұловқа бұрылмақ болады.

Балқаш вокзалында қауіпсіздік ережесі сақталмаған. Осыған байланысты транспорттық полиция өкілдері теміржол тасымалдаушыларына 2.5млн айыппұл салды.

Көптен күткен құрылыс. Қалалық медициналық колледжінің жатақханасы араға 36 жыл салып жаңа кейіпке енетін болды. 1982 жылы тұрғызылған нысанда биыл алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Қарағанды облысында үш бала , оның ішінде бір балқаштық балғын суға кетіп, ажал құшты. Осындай жазатайым оқиғаларды алдын алу үшін құтқарушылар түсідірме жұмыстарын күнделікті жүргізуде.

Жылдың басты мерекесі! Осы аптада балқаштық мысшылар өздерінің кәсіби мейрамын тойлайды. Осы жылы ауыр мамандық иелері меншікті мерекелерін ерекше атап өтеді. Себебі биыл Балқаш мыс қорыту зауытының мерейтойы.

Зауытта ерекше композиция пайда болды. Жүрек бейнесінде жасалған туындыда «Мен сені сүйемін, Балқаш мыс зауыты» деп жазылған. Мысшылар мерекесіне орай зауыттың ішін әрлеу жұмыстары басталды.

 

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать