Балқаш жаңалықтары 10.10.2018

1) Биыл 78 балқаштық тұрғын психоневрологиялық диспансерге есепке алынды. Оның ішінде 8-і балалар. Бұл ағымдағы жылдың 9 айына жасалған санақ.

2) Балқаштық кәсіпкер мүмкіндігі шектеулі 2 жанға қоларба сыйлады. Қазан айында аталып өтетін мүгедектер күніне орай «Нұр Отан» партиясында жиын өтіп, жомарт жандар жомарттықтарын көрсетті.

3) Келесі аптадан бастап 3Б автобусы тоқтайды. Ақ тас аймағына дейін баратын маршрут келер көктемге дейін рейстен шегеріледі. Сол себептен, аталмыш автобус 15 қазанға дейін ғана жүретін болады.

4) Сіз поштаның қай түрін пайдаланасыз? Және оны қандай мақсатта қолданасыз? Бүгін дүниежүзілік пошта күніне орай балқаштықтар арасында осындай сауалнама жүргіздік.

5) Балқаштық «Метталург» Қазақстан біріншілігінің А лигасындағы соңғы ойындарға дайындалуда. Біздің футболшылар әуесқой командалар арасында өтіп жатқан жарыс кестесінде әзірге 2 орында.

6) Қазақстандық дзюдошы жасөпірімдер арасында Олимпиада чемпионы атанды. Бекарыс Садуақас алтыннан алқа тақты. Жерлесіміз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грузиндік спортшыны қосымша уақытпен жеңді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *