Балқаш жаңалықтары 09.10.2018

1. Қаладағы 6 балабақшаға 77 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында бөлінген мұндай қаражатқа тәрбие ошақтарында құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2. Мәдениет сарайындағы жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Осы аптада қаламыздың басты сахнасында концерт өтеді. Мәдениет сарайын жаңарту өткен жылы басталған болатын.
3.  №1 емханада осы жұма және сенбі күндері ашық есік күні өтеді. Дәрігерлер тұрғындарды онколог маманға қаралып, маммографиялық тексерістен өтуге шақырады.
4. Келіңіздер, кітап алмастырайық! Қаламыздағы орталық кітапхана осындай ұранмен «Буккроссинг»акциясын бастады. Кітапхана мен оқырман арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы шараға кез-келген тұрғын қатыса алады.
5. Балқаштық оқушылар футболдан бақ сынауда. Әр мектептен жиналған 13 команда ең мықты құраманы анықтамақ.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *