Балқаш тұрғынын қаңғыбас ит қауып алды. Видео

Балқаш тұрғынына қаңғыбас иттер шабуыл жасады. Абырой болғанда әйел аман. Алайда, бұратылып, тамақ іздеп жүрген төртаяқтылардың бірі аяғынан қауып үлгеріпті. Иттерді сол маңда жүрген тұрғындар  үркіткен. Әйтпесе, жағдай басқаша болар ма еді.

Галина Кем сол күнді қорқынышпен еске алады. Таңғы серуенге шыққан әйелге қаңғыбас иттер тап берген. Әйел есін жинып үлгергенше бірі аяғынан қауып үлгеріпті. Содан жақын маңдағы тұрғындар көмекке келіп, жедел-жәрдем шақырған.Енді Галинаға узақ уақыт ем қабылдауға тура келеді.

Галина Кем – зардап шегуші

«Мен ештеңені байқап үлгермедім. 4 немесе 5 ит жетіп келді. Бірі артымнан келіп аяғымнан қауып алды. Мен тіпті айқайлап үлгермедім. Ол иттер өте үлкен болды. Сол маңда жүргендеріне көп болған секілді.

Куәгерлердің сөзінше, қалалық жағалау қаңғыбас иттердің мекеніне айналған. Кезіп жүрген төртаяқтылардан қорыққан тұрғындар бір емес бірнеше рет осы мәселені айтып,  жергілікті билікке жүгінген.

Анна Гаевская – қала тұрғыны

«Біз күнде таңертең жағалауға серуендеуге шығамыз. Онда үнемі 3 сары және екі қара ит жүреді. Меноларды видеоға түсіріп әкімдіктің баспасөз қызметіне жіберген едім. Шара қолданамыз деді. Алайда, ештеңе істемеді. Ол иттер әлі жүр.

Ал ветеринарлар қаңғыбас иттерді аулау үшін ол маңға жиі шығатындарын айтуда. Соңғы рет осы оқыс оқиғадан бір күн бұрын ғана сол жерде болыпты. Деседе мамандар кезбе төртаяқтылардың көзін жою үшін тұрғындардан өтініш түсу қажет. Ал өтініштер 6-99-91нөмірі арқылы қабылданады.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать