Балқаш маңында болған жол апатынан 3 адам зардап шекті

Балқаш маңында болған жол көлік оқиғасынан екі жолаушы мен жүргізуші зардап шекті. Оның екеуі қазір қалалық ауруханада жатыр. Оқиға Шашубай кентінің тас жолында болды. Ол жақтан күндізгі сағат 11.00 «Хюндай»маркалы такси жүргізушісі 2 жолаушыны алып, жолға шығады. Бірақ, қалаға жетпей саяжай маңында жолдан ауып түсіп, апатқа ұшырайды. Абырой болғанда, тұлпар ішіндегі адамдардың барлығы аман. Дәрігерлердің қарауынан кейін оқушы қыз бала үйіне жіберілді.Ал ауру жарақат алған әйел мен көлік иесі травматология бөлімшесіне жатқызылды. Алдын-ала болжам бойынша жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған көренді.

Мақсат Нұртазин-травматология бөлімшесінің меңгерушісі:«Әйел мен еркек трамотолгияда ем қабылдап жатыр. Екеуі де бас ми жарақатын алған. Жүргізушінің беті жырылған. Иық сүйегі сынған. Ертең оған операция жасалады.Ал қыз бала дәрігерлер тексерісінен кейін үйіне жіберілді.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *