Балқаш көшелері қате жарнамалар мен аудармаларға тұнып тұр

Балқаш көшелері қате жарнамалар мен аудармаларға тұнып тұр. Қала кәсіпкелері мемлекеттік тілді менсінбей, тек орыс тілінде жазуды әдетке айналдырған. Бүгін тексеріске шыққан мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары осыған көз жеткізді. Мысалы, Уалиханов көшесінің бойындағы мына дүкеннің сыртындағы жарнама соның дәлелі. Қазақша бірде бір сөз жоқ. Ал заң бойынша көрнекті ақпарат екі тілде болуы қажет. Мамандар ұзай бергені сол еді тағы бір қателікті көздері шалды. Құрт сөзі у әрпі арқылы жазылыпты. Ескерту жасау үшін дүкенге кіріп едік, сорақысы сол  ағаттық жіберген өзіміздің қазақ екен. Мамандар ет бөлімінің иесіне ескерту жасап, қателікті түзеу үшін наурыз айының соңына дейін уақыт берді.

Тұрымтай Кенжебаева-қала тұрғыны

 Кейбір баннерлерде әріптер түсіп қалған, сөздердің кейбірі қате жазылған. Соның барлығын байқап жүреміз. Енді солардың бәрін түзетіп,  дұрыстап жазса деп ойлаймыз.

Егер кәсіпкерлер ескертуді елемейтін болса онда айыппұлмен жазаланады. Оның көлемі өте қомақты.  120 мыңнан басталып  240 мың дейін барады.  Ал қалтаңыз жұқармасын десеңіз мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне барып, жарнама мәтінін тексертіп алсаңыз болады. Ондағы мамандар тегін көмек беруге әзір.

Аяулым Қайнолдина-мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы

 Біз тұрғындарға, жеке кәсіпкерлерге жеке әдістемелік көмек көрсетіп жатырмыз. Ол кісілер келіп, жарналамаларын қазақша аудартып алуға болады. Және де жарнама жасайтын мекемелер бізбіен қазір келісім жасайды. Өздерінің эскиздерін көрсетеді. Және сол кесіндеменің қазақша дұрыс жазылуын тексертіп алады. Ресми түрде.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *