Балқашқа қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы келді

Балқашқа Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы келді. Мұрат Әезовтың өзі де атақтан кенде емес. Белгілі мәдеиттанушы, ғалым және қоғам қайреткері.Құрметті қонақ Балқаш жастарымен, қала белсенділерімен кездесті.  Мұрат Әуэзов – Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Мұхтар Әуезов атындағы қор Президенті, «Тарлан»  премиясының лауреаты. Ол балқаштықтарға соңғы шыққан кітаптары жайлы әңгімелеп, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасына қатысты ой-пікірімен бөлісті. Латын графикасына көшу идеясын қолдайтындығын жеткізді. Кездесу соңында қалалық Абай оқулары байқауының жеңімпаздары Абай шығармаларын үш тілде оқып,  Мұрат Әуезовтың қолы қойылған алғыс хатқа ие болды.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *