Балқашта күкірт-қышқыл цехы уақытша тоқтатылады

Қыркүйек айының 15-нен бастап күкірт-қышқыл цехы уақытша тоқтатылады. Кәсіпорын 20 күнге жабылып, жөндеу жұмыстарына кіріседі. Ол үшін цехтың 300-ге тарта қызметкерлері жұмылдырылмақ. Жоспарлы жөндеу жұмыстары кезінде ауа шамадан тыс ластанбас үшін мыс балқыту цехының жарты бөлігі де өндірісін тоқтатын болады. Бұл дегеніңіз, табыс көзі 50 пайызға шегеріледі. Ал қазан айының басына дейін күкірт-қышқыл цехында1200 метр газарна мен тазартқыш құбырлар жаңартылады деп күтілуде.

Марат Аубакиров –«Қазақмыс Смелтинг» ЖШС өндіріс ісі бойынша директоры
«Өкінішке орай жөндеу жұмыстары кезінде ауаға газ көбірек жіберіледі. Себебі, өндірілген газ орталық мұржаға түседі. Жөндеу жұмыстарын іске асыру үшін барлық құжаттарымыз бар. Тоқтатар кезде экология департаментіне хабарлаймыз. Құрылыс кезінде зертханалар жұмыс істеп, газдың жағдайын толық қадағалайтын болады». 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code