Қазақстанда жаңа жәрдемақы төленеді

Қазақстанда кәмелет жасына толған, І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың ата-аналарына не қамқоршыларына мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Жаңа заң 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап өз күшіне енеді. Мөлшері шамамен — 30 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, бұған дейін қаржылай қолдау — 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасына не қамқоршысына ғана беріліп келген. Оның мөлшері — 29 мың теңге болатын. Ал жаңа жәрдемақыны алу үшін ХҚКО-на немесе электронды үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды өткізу  қажет. Ол мүмкіндігі шектеулі жанның және қамқоршысының жеке куәлігі, банктегі есепшоты нөмері,  І топ мүгедектігін дәлелдейтін анықтама, мүмкіндігі шектеулі жанды қауқарсыз деп таныған сот шешімі және әкімдіктің қамқоршылық белгілеу туралы қаулысы.

Юлия Сидорова – әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі

«Жәрдемақы бала кезінен жарымжан атанған І топ мүгедектеріне беріледі. Егер отбасында 2 мүмкіндігі шектеулі жан болса әр қайсына жеке тағайындалады. Оларға  екі адам күтім көрсетсе, тек біріне ғана жәрдемақы беріледі.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать