Қазақстанда алкогольді сусындарға деген сұраныс азайды

Қазақстанда алкогольді сусындарға деген сұраныс азайды. Елімізде арақ-шараптарды шығаратын өндіріс ошақтары қыстартылып,ащы суды ішетіндер саны кеміді. Қазіргі күні орташа есеппен әрбір қазақстандық бір жылда 4 литр таза спиртті тұтынады.Бұл тізімге арақ,шарап секілді спирттік өнімдер кіреді. Аталмыш санақта бірінші орында Молдова тұрса, екіде Литва, үште Латвия мемлекеті тұр. Ал көрші Ресейде арақты бір адамға шаққанда 11 литр болса, Әзірбайджан ішімдіктен бас тартуға шақ қалды.Бірақта, елімізде сыраға деген құмар адамдар саны артты. Бір адамға шаққанда аталмыш сусынның 32литрі жұмсалатын көрінеді. Дей тұрғанмен, бұл қатарда Чехия елі үздік болып тұр. Онда бір адам шамамен бір жылда кем дегенде 137 литр сыра ішеді екен.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать