Қарағанды облысы жемқорлық фактісі бойынша көш бастап тұр

Қарағанды облысы жемқорлық  фактісі көп кездесетін өңірлердің бірі деп танылды. Бұл тізімге тағы 6 аймақ енген. Олар Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы. Міне осы жерлерде парамен ұсталып, лауазымын асыра пайдаланған жағдайлар көп кездесетін көрінеді. Жалпы 2017 жылы 2 мыңға жуық жемқорлық фактісі тіркелген. Нәтижесінде мемлекеттік қызметте басшы лауазымында отырған 269 жетекші қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар ел экономикасына 16 млрд шығын келтірген. Заңды бұзғандар соның 14 млрд өтеген. Шенеуніктердің сөзінше жемқорлық білім, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық саласында дамыған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать