1 маусымнан бастап Балқаш көлі аумағында шомылу маусымы басталады

Құтқарушылар тұрғындарды судағы сақтық шараларын сақтауға шақырады. Себебі, былтыр көлге шомылу маусымында 2 қайғылы оқиға орын алған.  Судан ажал құшқандардың бірі көлге түсуге рұқсат етілмеген жерде қаза болса, енді бірі қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Биылғы көлге түсу маусымына 6 жүзу құралы мен 14 адамнан құралған құтқарушы топ сақадай сай отыр. Балқаш аумағында 9 орында суға түсуге рұқсат. Олар Борковский аумағындағы 7 жағағай, қала аумағындағы және медициналық колледж маңындағы жағажайлар.

Дархан Қуанбаев – судан құтқару бөлімінің басшысы

«Балқаш теплоцентралдің аумағында суға түсуге болмайды, су ағымында және де Техснаб кенті аумағында, Рембаза аумағында суға түсуге болмайды. Ол жерлерде судың асты тексерілмеген, жарақат алатын жағдайлар болуы мүмкін, шынылардың кескінділері болуы мүмкін, темір кескінділері болуы мүмкін, сондықтанда өз қауіпсіздіктеріңізге көп көңіл бөліп, рұқсат берілген жерлерде түсулеріңізді сұраймыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login