Балқаш жаңалықтары 13.02.2020

  1. Нұр-Сұлтанда Президенттің қатысуымен еріктілер жылына орай «Біргеміз» фронт кеңсесінің ашылуы өтті. Фронт офис — бұл бүкіл республика бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіретін және қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын әдістемелік, ақпараттық оқыту орталығы. Енді еңбегімен ерекшеленген еріктілер мемлекеттік наградаларға ұсынылады. Шәкіртақыларының көлемі ұлғаяды. Олардың ізетті істері жұмыс өтіліне қосылады. Президент қайырымды жұмыспен айналысуды парызы санайтын жастар, еліміздегі көптеген түйткілдің шешім табуына үлес қосатынына сенім білдірді. Фронт кеңсенің ашылу барысында 7 салалық бағыттар бойынша алаңдар таныстырылды. Солардың бірі «Біргеміз: білім» жалпыұлттық жобасы. Олар 14 облыстың ауылдық жерлеріндегі орта мектептердің балаларын ҰБТ-ге дайындап ағылшын тілін үйретеді
  2. Балқаштық атаулы әлеуметтік көмек алатын 46 отбасындағы 59 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тағайындалды. Әлеуметтік көмек ақпан айының 17-нен бастап беріледі.Кепілдендірілген әлеуметтік пакетті аз қамтылған отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар алады. Яғни, ай сайын азық-түлік жиынтығына ие болады. Ал, тоқсан сайын гигиена заттары беріледі. Бұл көмек балқаштық 46 отбасына көрсетіледі. Отбасылардағы 59 баланың 35-і  1 жастан 3 жасқа дейінгілер, ал 24-і 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар. Жоспар бойынша кепілдендірілген әлеуметтік пакет 17 ақпаннан бастап берілмек
  3. Соттың шешімімен екі балқаштыққа 170 мың айыппұл салынды. Олар әлеуметтік желілерінде діни қызмет және діни бірлестіктер заңнамасына қайшы аудио және бейнежазба сақтаған.Бұл заң бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг кезінде анықталған. Тексеріс кезінде 2 балқаштық тұрғынның әлеуметтік желі парақшасынан заңнамаға кереғар аудио және видео жазба табылған. Екі ер азамат та өз кінәларын толық мойындады. Айтуларынша бұл әрекеттері заңсыз екенін білмеген, әрі материалдарды өздерінің жеке қолданысына ғана пайдаланған. Нәтижесінде сот екі балқаштыққа өндіру сомасын 30 пайызға қысқартып, әрқайсысына 88 мыңнан аса айыппұл салды
  4. Балқаштық «Silk General Group » компаниясы  ҚАМАЛ құрғақ құрылыс қоспаларының бес атауы бойынша өнімін кеңейтті. Ендігіде қаламызда гипс және цемент негізіндегі микс өндіріледі. Бүгін балқаштықтар шеберлік сағатында қоспамен танысты. QAMAL маркасының презентациясы «Бақыт» мейрамханасында өтті. Бас технологы Сергей Фадеев материалмен жұмыс істеудің қыр-сырын көрсетуде. Қабырға, ерітінді бәрі де арнайы дайындалып қойған. QAMAL қоспаларымен қабырғаны теп-тегіс ету үшін келесі кеңестерді сақтау қажет. Әуелі қабырғаны ойық жерлерін теңестіру үшін цемент сылағын жағу қажет. Ол кепкеннен кейін гипстік «Eсonom»-ды, ең соңынан «Tegis» тегістегішін жағамыз. Шеберлік сағатын тамашалауға құрылыс саласының мамандары жиналған. Презентация барысында тыңдаушылар өз сауалдарын қойды. QAMAL құрғақ құрылыс қоспасының 8 түрлі атауы бар: гипстік сылақтың 2 түрі, полимерлі және гипстік соңғы бітеуіш, цементтік сылақ, құйылмалы еден және плиткаға арналған 2 желім түрі. Шеберлік сағатына келгендер сыйлықтан құр қалмады. Silk General Group компаниясы атынан, Двери-лайн есіктер дүкені, «Электрик», «Стройшоп» және «Бақыт» қонақүй-мейрамхана кешені атынан сертификаттарға ие болды
  5. Қараусыз қалған жануарларға арналған «ЧиП» баспанасы көмекке мұқтаж. Оларға қала еріктілері қол ұшын бермек. Акциялар ұйымдастырып, конкурстар өткізуде.№2 мектеп лицей, №8 мектеп еріктілері және оқушылар сарайының «One Power» клубы жануарларға жәрдем беруде. Оларға қажетті азық-түлік пен қаумалдарын жылыту үшін құрылыс материалдарын сатып алған. Бүгінде баспанада 100-ден аса қараусыз қалған жануар бар. Жануарларға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында жастар орталығында сурет салу конкурсы өтпек. Оған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Қатысушылар өздерінің үй жануарын салуы тиіс. Шығармашылық жұмыстар 19 ақпанға дейін «Рухани жаңғыру» орталығында қабылданады. Ең үздік туынды авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталмақ
  6. Елімізде әйелдерін ұратын ер азаматтарға жаза ретінде,  көше тазалауға жіберу ұсынылды. Бұндай шараны Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресетін Альянс әйелдер күші қабылдады. Зерттеуге сәйкес, 40 пайызға жуық қазақстандық әйелдер өз құқықтарын білмейді, ол дегеніңіз тиісінше өзін қорғай алмайды деген сөз. Отбасында жарына жұдырық ала жүгіргендерді, қолына сыпыртқы ұстатып көше тазалата аламыз ба? Немесе жазаны қатаңдату керек па? Сауалнама айдары

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login