Балқаш жаңалықтары 27.01.2020

  1. 2020 жылы Балқашта жеті көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталмақ, соның ішінде тұрғын емес үй-жайлар қайта жаңартылады. Жаңа тұрғын үйлер жеке инвестициялар есебінен пайда болмақ. Балқаш қаласының әкімі бес кәсіпкермен үйлер салу жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді екі жылдан кейін қалада құрылысшылардың күшімен жеті көп қабатты пәтер пайда болады. Соның ішінде тұрғын емес үй-жайлар қайта жаңартылады. Айта кету керек, Ленин, Бөкейханов және Сейфуллин көшелері мен Сванкулов орамында 160-тан астам пәтер салу жоспарлануда
  2. Балқаштық коммуналшылар халық алдында 2019 жылға есеп беруді жалғастыруда. Қоңырат ықшам ауданы мен Балқаш станциясынан кейін, басшылар қала тұрғындарымен Оқушылар сарайында және №7 гимназияда кездесті. Жиын барысында қорытынды ғана емес, 2020 жылға жоспар  да айтылды. Кездесу «Су Жылу Транс» мекемесінің есеп беруімен басталды. 2019 жылы  жұмысшылар жылу желілері мен сорғы қондырғыларында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қаланың магистральді жерлерінде құбырлар ауыстырылды. Ағымдағы жылы 10 000 м астам магистральдық және тоқсандық желілерге жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, құбырлар да оқшауланбақ. Былтырғы жылы «Балқаш Су» мекемесі 3 шақырымнан астам су құбыры мен 300 метр кәріз желілерін ауыстырған болатын. 70-ке жуық ілмекті арматура ауыстырылды. Сондай-ақ, 4 шақырым суару жүйесі қалпына келтірілді.«Балқаш Энергия» компаниясының басшысының айтуынша, 2019 жылы электр желілерінде үш апат болып, кейін қалпына келтірілді. Сондай-ақ, жарық шамдар, кабельдер, шамдар мен сымдар 95 миллион теңгеге жуық қаржыға ауыстырылған. Кездесу барысында қала тұрғындары компания басшысына жұмысшы кентін, Әлімжанов көшесі мен Сванкулов орамын жарықтандыру туралы сұрақтарын қойды
  3. Балқаштықтар «Біз біргеміз» акциясын қолдады. Еріктілер, студенттер, кәсіпорын және ұйым жұмыскерлері көшелерді және тротуарларды қардан тазалауға шықты.Қар тазалаудан қала әкімі де қалыс қалмады. Ораз Тәуірбеков іскерлік стилін тастап, қолына күрек ұстап іске кіріскен. Челленджге студенттер мен еріктілер, жастар атсалысты. Олар қаладағы  4 қоғамдық бірлестік  пен 15 қарт адамның және бір Ұлы Отан соғысы ардагерінің үй ауласын қардан  тазартты.  «Бір біргеміз» акциясына 30-ға жуық кәсіпорын мен ұйым қызметкерлері қатысты. Олар Қоңырат мөлтек ауданы мен Балқаш станциясында жұмыс жасады. Көшелердің, тротуарлардың және аялдамалардың қарын күреді. Акцияға 6 техника мен 1000-ға жуық адам жұмылдырылды. Қала аумағынан 50 тонна ақ ұлпа шығарылды
  4. Мерейтой иесіне құрмет. Қалалық әкімдікте шаһар басшысы, «Қазақмыс Смэлтинг» ұжымы, мәслихат депутаттары мен ардагерлер Владимир Григорьевскийді 80 жас мерейтойымен құттықтады.Владимир Александрович еңбек жолын 1960 жылы «Прибалхашстрой» тресінде қалыптаушы болып бастаған. Мұнда ол қарапайым жұмыскерден, кәсіпорын директорына дейін өсті. 1990 жылдан бастап Балқаш қалалық халық депутаттары кеңесінің төрағасы, Балқаш әкімінің орынбасары қызметерін атқарған. Григорьевскиймен бірге жұмыс жасаған әріптестері оның адамгершілігін, өнегелілігін және қаланың дамуына қосқан үлесін атап өтті. Ұжым басқарудағы шеберлігі мен адамды дініне, ұлтына бөлмейтін қасиетін жеткізді. Мерейтой иесіне гүл шоқтары мен естелік сыйлық табыс етілді. Өз кезегінде Владимир Александрович те құттықтаушыларға жылы лебізін білдірді
  5. Балқаштық балалар қабылдау процесін маманмен бірге дамыта алады. «Үлкен жүрек» оңалту орталығында ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары сенсорлық интеграция сабақтарымен танысты.Дамыту бағдарламасы адамдарға өз іс-әрекеттерін сезінуге және қоршаған ортаға эмоционалды түрде жауап қайтаруға көмектеседі. Сондай-ақ, оқыту мен қоғамдық мінез-құлықтың негізін қалыптастырады. Орталықтағы сенсорлық бөлмелерде терапия сабақтарын өткізу үшін платформалық әткеншектер, гамак, түйсіну жолағы және басқа да бірнеше жабдықтар сатып алынған. «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігінде баланың жеке қажеттіліктеріне байланысты сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі. Айта кету керек, сабаққа ақылы түрде қаламыздың барлық балалары қатыса алады
  6. Балқашта қала әкімінің кубогіне шаңғы жарысы өтті. Оқушылар мен студенттер және үлкендер түрлі қашықтықта жарысты. Мектеп оқушылары арасында Валерия Северюхина, Айбын Рахимов үздік атанса,  колледж студенттері  арасында 1 орынды БГТК еншіледі. Жас қыздар арасына ДЮСШ спортшысы Ұлпан Қанат, ал жас ұлдардан Қазахмыс смэлтинг қатысушысы Шыңғыс Қанат оқ бойы озық болды. Шаңғышы ерлерден 9 мектеп мұғалімі Жарас Мұхаметжанов, әйелдерден 7 мектеп ұстазы Айгүл Дюсембекова үздік деп танылды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login