Балқаш жаңалықтары 19.12.2019

  1. Балқаш маңында 3 автокөлік соқтығысқан. Салдарынан 3 адам зардап шекті. Апат таңертеңгі сағат 10-да Қарағанды бағытындағы жолда Балқаштан шамамен 45 километр жерде болған. Алматы-Екатеринбург тас жолында 3 автокөлік соқтығысты. Оқиға орнына «Балқаш» трассалық-медициналық құтқару пунктінің мамандары барып, 3 зардап шегушіні анықтады. Екі әйел адам ауруханаға жатудан бас тартқан. Ал 57 жастағы азаматша орташа ауырлық дәрежесінде ауруханаға жеткізілді
  2. Балқашта 28 көшенің атауын өзгертпек. Бұл туралы Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өткен қоғамдық тыңдалымда мәлім болды. Қаралымға идеологиялық және моральдік тұрғыдан ескірген атаулар ілігіп отыр. Мәдениет сарайының залы адамға толы. Зейнеткерлер, студенттер және басқа да қала тұрғындары. Жиынның қозғар тақырыбы Балқаш көшелерінің атауын өзгерту. Өзгеріске қаланың 30-ға жуық көше атауы түспек. Қаланың басты көшелерінің бірі – Мир көшесі. Ендігіде бұл көшені  Жүніс Әбуғалиевтің құрметіне атамақ. Жүніс Әбуғалиұлы шаһарымызды 17 жыл басқарған, қаланың құрметті азаматы. Тұрғындар бұл ұсынысты қолдады. Басқа көшелерге Балқаш тарихына еңбегі елеулі тұрғындардың атын беру ұсынылды. Аномастикалық комиссияның қарауына келесі қала көшелерінің жаңа атауы ұсынылмақ: ендігіде больничный городок Шипагер орамы болмақ. Ал Ветераны орамын Ардагер деп қайта атауды ұсынды. Горняцкая көшесі Кенші, Прокатчиков тұйығы Мысшы деп өзгертілмек. Ал Шалқар деп Луначарский тұйық көшесі аталмақ. Қоғамдық тыңдалымнан кейін бұл өзгерісті комиссия қарастыратын болады. Одан соң қалалық мәслихат облысқа хат жолдайды. Соңғы шешімді республикалық аномастикалық комиссия қабылдамақ
  3. Балқашта бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Жұмыспен қамту орталығының мамандары балқаштықтарға 400-ге жуық жұмыс орнын ұсынбақ. Бос жұмыс орны жәрмеңкесі 20 желтоқсан күні сағат 11-ден бастап Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді. Оған қаламыздағы жұмыс беруші 20 мекеменің өкілдері қатыспақ. Қала мектептері мен колледждеріне ұстаздар мен оқытушылар сұраныста. Орталық ауруханаға санитарлар, мейірбикелер және дәрігер мамандар қажет. Коммуналдық мекемелерге слесарь, электромонтерлер тапшы. Бірнеше мекеме күзетшілер мен техникалық қызметшілерді жұмысқа қабылдамақ
  4. Шаһарымызда  2 жаңа шырша  орнатылды. Енді оны балқаштықтар Тәуелсіздік алаңы мен Мәдениет сарайының артындағы саябақтан көре алады. Биыл жаңажыл символы ерекше безендірілмек.Тәуелсіздік алаңында жұмысшылар бригадасы темір құрылымға тікенді жабдықтар кигізіп жатыр. Монтаждау жұмыстарына 10 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Биылғы жылы Балқашқа шырша орнатумен және безендірумен  ресейлік фирма айналысуда. Мәдениет сарайының артқы алаңындағы басты шыршаның ұзындығы 20 метр, ал екіншісі 15 метрдей. Әрқайсысына 1500 ойыншық ілінетін болады.  Бұдан бөлек Ресейден Аяз ата мен Ақшақардың 2 данасы әкеленді. Жаңа жылдың кейіпкерлері металл құрылымынан жасалған. Ал былтырғы шырша Астана аллеясына орнатылмақ. Балқаштың басты шыршасы 25 желтоқсан күні жағылады. Одан бұрын қаламыздың орталық көшесінде Аяз аталар мен Ақшақарлардың шеруі өтеді. Кеш соңы балалар мен  үлкендерге арналған ойын-сауық бағдарламасымен жалғасады
  5. Балқаштық студенттер салауатты өмір салты туралы көз-қарастарын ортаға салды. Акция медициналық колледжде өтті. Жарысқа қаламыздың 5 колледжінің команда мүшелері қатысты. Әр топ «Салауатты өмір салты жастардың көз-қарасымен» тақырыбында еркін бағдарлама дайындады. 5 минуттың ішінде олар өз жобаларын қорғап шықты. Командалардың дайындығына әділ қазы мүшелері баға берді. Акция нәтижесі бойынша «Зиянды әдеттерді даттау үздіктері» атағы медициналық колледжге, «Салауатты өмір салтының үздік қырандары» номинациясы Қазақмыс корпорациясының политехникалық колледжіне берілді. Ал «Үздік тақырыптық әлеуметтік көзқарасқа» Балқаш маңызды білім беру колледжі лайықты деп танылды. «Үздік тақырыптық шығармашылық бағдарлама» номинациясы Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне берілді. Ал «Үздік спорттық насихат» атағына көпсалалы колледжі ие болды. Бұдан бөлек 5 студентке фитнес-орталыққа 1 айға абонемент, 35 балаға кинотеатрға билет, ал 10 жасөспірімге сұлулық салонына сертификат берілді. Көрермендер де назардан тыс қалмады. Викториналық сұрақтарға жауап бергені үшін 12 адамға естелік сыйлықтар берілді
  6. Балқашта футзалдағы үздік команданы анықтауда. Шаһарымызда әуесқой командалар арасындағы біріншілік өтуде. Аяқдопшылар ақпан айына дейін, әр демалыс сайын сынға түсетін болады. Футзалдағы кезекті ойында біздің арнаның түсірілім тобы болып қайтты. Бірнеше минуттық үзіліс және ойыншылардың ауыс-түйісін талқылау. Ақжол құрамасы келесі таймға дайындалуда. Бұл құрама 7-ші  жыл қатарынан бірге ойнап келеді. Тарлан командасымен өткен алғашқы 25 минуттық тайм 7:1 есебімен зауыт жұмыскерлерінің пайдасына шешілді. «Металлург» стадионының залына 10 құрама жиналған. Әр команда 1 матчтан өткізді. Әуесқой құрамалар өзара айналмалы жүйе бойынша ойнауда. Әзірге үздік үштіктің сапын «Қыран», «Қоңырат» және «Әділ» құрамалары ұстап тұр. Футзалдағы біріншілік қараша айында басталған болатын. 11 құрама келер жылдың ақпан айына дейін әр демалыс күндері кездесу өткізеді. Аяқдопшыларға жанкүйер болам деушілер металлург стадионының залына таңертеңгі 10-нан бастап барса болады
  7. Шаһарымызда кіші жасөспірімдер мен жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир өтті. Оған қала мектептерінен 100-ден аса жас балғын қатысты. Турнир 2 күнге созылды. Еркін күрес турнирінде 2005-2006 жылғы жасөспірімдер мен 2007 және 2009 жылғы кіші жасөспірімдер күш сынасты. Турнир 100-ден аса жас спортшының басын қосты. Кіші жасөспірімдер 9, ал жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Көпшілік оқушылардың бұл алғашқы бәсекесі болды. 2 күнге созылған турнир нәтижесі былайша қорытындыланды. Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің 15 тәлімгері 1 орын алып үздік атанды. Ал балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 4 баласы өз салмағында жеңімпаз болды. Олимпиадалық резервтегі «Дәулет» спорт мектебінің тәлімгерлері болса 3-ші орынға тұрақтады
  8. Шаһарымызда спорт  ардагері Қ.Ежебаевты еске алуға арналған жасөспірімдер мен жастар арасындағы волейболдан турнир өтті.  Жарысқа Ақтоғай ауданы, Сарытерек ауылы, Теміртау және Балқаш қалаларының спортшылары қатысты. Саржан Ақанақов Теміртау қаласынан команда мүшелерімен бірге жеңіске жету үшін Балқашқа арнайы келген. Қазіргі таңда құрама қоржынында республикалық, облыстық жарыстардың жүлделі орындары бар. Саржан достарымен бірге спорттық додаға үлкен дайындықпен келгенін айтады. Спорт ардагері Қазбек Ежебаевты еске алуға арналған волейболдан турнир дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылады. Барлық жастағы спортшыларға арналған жарыс 13-ші мәрте өткізіліп отыр. Жастар жылы аясында сайысқа жасөспірімдер ғана қатысуда. Спорттық доданың нәтижесі бойынша 1 орынға Сарытерек ауылының командасы ие болса, 2 орынды Теміртау қаласы қанжығаларына байлады. Ал 3 орынға лайықты деп Ақтоғай  ауданының құрамасы танылды. «Үздік ойыншы» атағы Жұмажанов Жансерікке, ал «Үздік шабуылшы» номинациясы Аманжанов Абдуллаға берілді. Жеңімпаз командалар  кубокпен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login