Балқаш жаңалықтары 28.11.2019

  1. Балқаш қалалық полиция бөліміне жаңа басшы тағайындалды. Енді қаладағы тәртіпке Бауржан Миссалимов жауапты. 42 жастағы полковник бұл орынға Жезқазғаннан ауысып келді. Ал бұған дейін полиция бөлімін 1,5 жыл басқарған Өміржан Қуандық қызметін босатты. Бауржан Миссалимов 1977 жылы  9 қаңтарда Ақмола облысы Торғай ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтының түлегі. Еңбек жолын 1998 жылы Қарағанды облысы Октябрь ауданында учаскелік инспектор болып бастаған.Сол жылы қылмыстық іздестіру бөліміне жедел уәкіл қызметіне ауысады. Ал 2003 жылы Маңғыстау облысына ұйымдасқан қылмыспен күрес бөліміне бас жедел уәкіл ретінде жіберіледі. Екі жылдан кейін Қарағандыға  қайта оралған. Бұл жолы облыстық ІІД терроризм және экстремизмге қарсы  күрес басқармасында  жұмыс істейді. Жалпы органдағы 20 жылдық еңбек өтілінің 15 жылын жедел уәкіл қызметіне арнаған. Ал 2013 жылы аса қауіпті қылмысқа қарсы күрес бөліміне басшы ретінде тағайындалады. 4 жылдан кейін қызметі жоғарылап, ІІБ басшысының бірінші орынбасары болып Жезғазған қаласына ауысады. Соңғы жұмыс орнында екі жыл отырған. Енді ол Балқаш қалалық полиция бөлімінің басшысы
  2. Қалалық полиция бөлімінің жаңа басшысы Бауржан Миссалимов келе сала мектеп және колледж директорларымен кездесті. Басты себеп Таразда болған 7 сынып оқушысын зорлау фактісі. Жиында тек қауіпсіздік қана емес жасөспірімдер арасындағы қылмыста сөз болды. Жыл басынан бері кәмелетке толмаған балалар 7 қылмыс жасаған. Жиын ювеналдық полиция бөлімі инспекторының есебінен басталды. Оған сүйенсек Балқашта кәмелетке толмаған балалар саны 20 мыңға жуық. Оның 12 мыңға жуығы мектепте оқиды, 3 мыңы колледжде білім алады. Полицейлер осы жылы әкімшілік ереже бұзған  300-ге жуық жасөспірімді ІІБ жеткізген. Тәртіп бұзғандардың ең көбі яғни 250-ден астамы  түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз көше кезіп жүргендер. 24 жеткіншек ұсақ бұзақылық жасаған. 22 бала түнде заңды өкілінсіз кафе, мейрамхана секілді көңіл көтеретін орындарға барған. 7 жасөспірім қоғамдық жерде ішімдік ішіп, мас күйінде жүрген. 4 жеткіншек темекі үшін ұсталды. Ал 7 бала қылмыс жасалған. Атап айтсақ ұрлық, тонау және бұзақылық.Жиында одан өзге мектеп қауіпсіздігі жайында сөз болды. Қазір қаладағы барлық оқу орындарында 500-ден астам камера орнатылған. Оның 200-ге жуығы мектеп ауласына қойылған. Бұл жайында қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлмира Жеңісбекова баяндады.Алайда Таразда мектепте орнатылған камералар  зорлау фактісінің алдын алуға көмектеспеді. Себебі экраннан көрініп тұрған бөгде ер адамға ешкім назар аудармаған. Осындай сұмдық жағдай болмас үшін жиында балаларды бақылауға алуды күшейту, кешкі уақытта оқушыны үйге үлкендермен қайтару және мектептегі камералардың техникалық жағдайын тексеру туралы шешім қабылданды
  3. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған портал іске қосылмақ. Оның көмегісмен керекті қызметке тіпті құрал жабдықтарға да тапсырыс беруге болады. Алайда ол үшін электронды сандық қолтаңбасы болуы шарт.Портал келесі жылы өз жұмысын бастайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүмкіндігі шектеулі жандар сайт арқылы техникалық оңалту құралдарына және мемлекеттік қызметтерге тапсырыс бере алады. Мысалы ымдау тілі маманы қызметіне тапсырыс беріп, санитарлық-курортқа портал арқылы жолдама алуға болады. Протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды да үйде отырып тапсырыспен алдыртады. Алайда ол үшін электронды сандық қолтаңба қажет
  4. Жаңа жыл қарсаңында мұқтаж балаларға жылылық сыйлаңыз. Қалада мектеп-интернат пен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлық жинау науқаны басталды. Мерекелік акцияны ұйымдастырушы «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігі. Қайырымдылық шарасына атсалысам деушілерден тәттілер мен жемістер қабылданады. Қаржылай көмектессеңіз де болады. Жиналған сыйлықтар жаңа жыл қарсаңында 3 және 4 интернат пен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне табысталады. Өткен жылы балқаштықтардан 10 келі тәтті мен түрлі ойыншықтар, ақшалай сыйлықтар жиналған. Ал биылда балаларға қуаныш сыйлаймын десеңіздер 8 777 973 96 53 нөміріне хабарласыңыздар
  5. Осы аптада дүние жүзінде үйжануарлары күні аталып өтіледі. Бұл дата адамдардың төртаяқтыларға қамқор болып, олар үшін жауапты екенін еске салу үшін ойлап табылған. Қазіргі таңда үйжануарлары арасында ең танымалы  мысық пен ит. Деседе, үйінде әдемі құс ұстап, балық өсіретіндер де бар. Любовь Головлева үйін суасты патшалығы дерсің.Осыдан төрт жыл бұрын ол түрлі балықтарды асырай бастаған. Қазір тұрғынның пәтерінде 7 аквариум бар. Онда 90-ға жуық балық мекендейді. Басым көпшілігі  Алматы, Қарағанды тіпті Германиядан әкелінген. Ал «Үлкен жүрек» оңалту орталығында жануарлар балаларды дамытуға қолданылады. Алдымен мұнда су тасбақалары әкелінген. Кейін тышқан, тотықұс пайда болған. Мүмкіндігі шектеулі балалар оларды өздері күтіп, қамқорлық көрсетеді. Ал ғалымдардың айтуынша  үй жануарларының адамдарға пайдасы көп дейді.  Ашу ызадан арылтып, депрессияға түспеуге көмектеседі екен. Одан бөлек үйжануарлары бар тұрғындар аз ауырып, басқаларға қарағанда көп өмір сүретін көрінеді
  6. Балқашта оқушылар арасындағы шахмат турнирі басталды. Биылғы жарысқа былтырғыға қарағанда үш есе көп қатысушы жиналған.  5 пен 11 сыныпта оқитын 90 оқушы сынға түсті. Дулат Ыдырысов бұл турнирдегі ең атақты ойыншы. Ол 5 дүркін облыс чемпионы, әрі шахматтан спорт шеберіне үміткер. Алғашқы ойындағы қарсыласы №3 мектеп оқушысы болды. Ойын ұзаққа созылмады.Дулат көп ойланбастан қарсыласын жеңіп шықты. Көршілес үстелде жасы кішірек шахматшылар бақ сынасуда. Интеллектуалдық сайыс қатысушылары 2 топқа бөлінген. 5 пен 8 сынып оқушылары және 9 бен 11 сынып. Ұлдар мен қыздар бөлек ойнайды. Камила Қалиасқар болса шахматпен 2 жылдан бері айналысады. №2 лицей оқушысының алғашқы ойыны жеңіспен аяқталды. Биыл турнирге қатысушылар қарасы көп. Былтырғыға қарағанда 3 есе артық. Турнирге қала мектептерінен 8 оқушыдан құралған 11 команда қатысуда. Ойын 3 күнге созылады. Үздіктер финалға шығып, одан жеңімпаз атанғандар желтоқсанда өтетін облыстық біріншілікке жолдама алмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login