Ағыбай батыр көшесінде жаңа бағдаршамдар пайда болды

Орнатылғанына 10 жыл болған ескілері орнынан алынды. Себебі олар жаңбыр және қар кезінде үнемі істеп шығып, жол қозғалысына кедергі келтірген. Құрылғының ішіне су кіргенде автономды режимге ауысып, тек сары түсі ғана жанып сөніп тұратын болған. Бүгін мамандар жаңадан 4 жаңа бағдаршам әкеліп орнатты. 3 метрлік реттеуіш құрылғысы  уақытты көрсетіп тұратын таймермен жабдықталған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login