##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 11.09.2019

  1. Мамандар Бұрма ауылында 3 жастағы баланың неден қайтыс болғаны жайлы алдын ала болжамдарын жариялады. Оны анасының танысы ұрлап алып кетіп, тұншықтырып өлтірген. Естеріңізге сала кетейік, үш жасар баланың денесі ауылдың маңынан табылған.Өлімге қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы  ер азамат қолға түсті.Ол баланың анасының танысы болып шыққан. Жігіт жанжалдан соң сәбиді әйелдің қолынан жұлып алып, ұрлап кеткен. Артынша қылмыскерді  тәртіп сақшылары құрықтаған. Соттық- медициналық талдама нәтижиесінде баланың өлімі тұншықтырудан болғаны анықталды. Одан бөлек баланың қабырғалары сынып, ол жабық ми жарақатын алған. Миына қан кетіп, оң өкпесі үзілген.Бұл алдын ала қойылып отырған диагноз. Толық және нақты дерек гистологиядан кейін белгілі болады» делінді полиция хабарламасында
  2. Қазақстанда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берудің тәртібі өзгерді. Енді төлемді отбасы мүшелерінің өгеруіне немесе табыс мөлшерінің өзгеруіне байланысты қайта есептейтін болады. Атаулы көмекті алдағы уақытта кедейшілік деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар, жұмыс ұсынылып бірақ бас тартқан еңбекке жарамды азаматтар, көмек алу үшін жалған ақпарат берген тұрғындар ала алмауы мүмкін. Одан өзге әлеуметтік көмек соммасы отбасы мүшесінде өзгеріс немесе табыс мөлшерінің өзгеруіне байланысты қайта есептелетін болады. Өзгеріс жайлы ақпаратты көмекті алып отырған азамат жұмыспен қамту орталық қызметкеріне 10 күн ішінде хабарлауы тиіс. Әр үш ай сайын мамандар мониторинг жүргізіп отырады. Егер көмек алушы тарапынан жалған ақпарат берілгені анықталса, төленген ақша кері қайтарылады. Балқаш бойынша осындай бірнеше факт анықталған. азаматтардың басым бөлігі алған ақшаны дер кезінде қайтарған. Ал, кейбір тұрғындардың құжаттары соттың қарауына берілуге дайындалуда. Одан бөлек, уақытша мекен-жайға тіркелген азаматтар атаулы әлеуметтік көмекке жарты жылдан кейін ғана өтініш бере алады. Бүгінде атаулы көмекті 200-ге жуық балқаштық отбасы алып отыр. Мына  жағдайларда атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды: кедейшілік деңгейінен жоғары табысы бар отбасылар; жұмыс ұсынылып бірақ бас тартқан еңбекке жарамды азаматтар; көмек алу үшін жалған ақпарат берген тұрғындар
  3. Балқаштықтарға жүргізуші куәлігін алу үшін Қарағанды қаласына барып емтихан тапсыруға тура келеді. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде тіркеу-эмтихан қабылдау бөлімшелері өз жұмыстарын тоқтатқан болатын.Жыл басында жүргізушілердің теориялық және тәжірибелік емтихандарын қабылдау құзыреттілігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өткен болатын. 1 шілдеден бастап қалалардағы тіркеу-эмтихан қабылдау бөлімшелері жабылып, олардың функциялық міндеттерін Халыққа қызмет көрсету орталығы мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына алған еді. Ендігіде Балқаштағы халыққа қызмет көрсету орталығында тек жүргізуші куәлігінен айырылғандар ғана емтихан тапсыра алады. Ал алғаш рет жүргізуші куәлігін алайын деп отырғандарға облыс орталығына баруға тура келеді. Осылайша, теориялық және тәжірибелік сынақтан өте алады
  4. Балқашта  Нұр-Отан партиясының кеңейтілген отырыс ы өтті. Онда партияның  мәселелері мен алдағы жоспары  талқыланды. Жиынға қала әкімі, маслихат пен партия мүшелері қатысты.  Кеңейтілген отырыс  ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын түсіндіруден басталып, партияның алға қойған міндеттеріне жалғасты. Одан өзге партиядағы өзекті мәселелер сөз болды. Күн тәртібінде жемқорлықты азайту, партияға белсенді жастарды тарту, көтерілістерді болдырмау, халықпен тығыз байланыс орнату мәселелері қойылып, оларды нақты шешу жолдары айтылды
  5. Жерлесіміз Алем Байдағұлов Өзбекстан төрінде өткен Азия чемпионатынан алтын медальмен оралды. Балқаштық балғын бұл жолы грепплингтен өткен жарыста жеңіс тұғырына көтерілді. Алем Байдағұлов осыған дейін джиу-джитсудан сәуір айында Біріккен Араб Әмірлігінде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл жолы жекпе-жек күрестің  ауырлық көрсетіп, тұншықтыру әдісін қолданатын грепплингтен өтті. Ташкенттегі ашық азия чемпионатына бас-аяғы 1000-ға жуық спортшы қатысқан. 47 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен балқаштық өз еліміз бен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшыларымен қарсылас болады. Жерлесіміз финалдық кезеңде Алматылық спортшымен сынға түседі. Осыған дейін джиу-джитсудан өткен кездесулерінде сайысқа түсіп, 2 рет есесін жіберіп алған. Ал бұл жолы грепплинг бәсекесінде намысты қолдан бермей, 6:0 есебімен жеңіс тұғырынан көрінеді
  6. Осы аптада Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні аталып өтіледі. Зардап шегуші адамға құтқару топ жеткенше қажетті бірінші көмекті көрсету қашанда шешуші рөл атқарады. Тиімді көмек көрсете алсаң дәл осы уақыт адам өмірі үшін «алтын сағатпен» бірдей.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login