Балқашта бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Екі қолға бір күрек іздеп жүргендер балқаштықтар үшін үлкен мүмкіндік. 21 маусым күні  сағат 15:00-де жұмыспен қамту орталығы мәдениет сарайының алдында бос орындар жәрмеңкесін өткізеді. Шараға 20-дан астам жұмыс беруші қатысып, 500-ден астам бос жұмыс орнын ұсынбақ. Жәрмеңкеде тұрғындар өзіне керекті қызмет бойынша сол жерде алдын ала әңгімелесуден өтіп, түйіндемесін қалдыра алады. Одан бөлек жұмыспен қамту орталығының мамандары «Еңбек» бағдарламасы жайлы кеңірек ақпарат береді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login