Балқашта бесік арбалар шеруі өтеді

Астана күніне орай Балқашта бесік арбалар парады өтеді. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Қазір ниет білдірушілерден өтініш қабылдау басталды. Бесік арбалар шеруі 6 шілде күні кешкі сағат 5-те Желтоқсан көшесінде өтеді. Қатысу үшін ата аналар баласының арбасын ерекше етіп безендіріп, онымен мейрамға келуі керек. Арнайы костюм тіктіруге де болады. Фантазияға шектеу қойылмаған. Елдің назарына іліккен, ерекше бесік арбалар 15 номинация бойынша марапатталады. Жеңімпаздар сыйлыққа ие болады. Ал өтініштер 1 шілдеге дейін мәдениет сарайында 24  кабинетте қабылданады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login