Техснаб кентінде жоғалған 2 жастағы баланың өлі денесі табылды

Мәйітті алғаш болып суға түсуге келген балалар көрген. Еске сала кетейік,  2 жастағы Бекнұр Дәріғұл  2018 жылдың 2 қазанында жоғалған болатын. Бала есік алдында ойнап жүріп, қоршаудың ашық тұрған жерінен шығып кеткен. Іздеу жұмыстары сол күні кешке басталды. 200 ерікті мен құтқарушылар кент аумағын, көл жағалауын тіптіп шықты. Суда да іздеу жұмыстары жүргізілді. Кейін кинологтар келді. Баланы іздеу мұз қатқанда тоқтатылып, көктемде қайта жалғасты. Мамандар сәбиді суға кетті деп болжаған еді. Бұл бұл болжам рас болып шықты. Кеше баланың мәйітін Техснаб кентінің маңына суға түсуге барған жасөспірімдер  бірінші болып көрген. Содан оқиға орнына мамандар келіп, сүңгуірлер іздеуге кіріседі. Алайда қатты ағын жұмыстарына кедергі болып, бүгін су ағыны төмендетілді. Құтқарушылар ЖЭС қарасты ағынды су коллектор аймағын тағы бір тінтіп, баланың денесін алып шықты. Мәйіт темірбетондардың арасында қыстырлып, үсті бетон сынықтарымен көмулі болған.

Бауыржан Хабдулин – Балқаш қаласының ТЖБ басшысы

« Ол жерді біздің сүңгуірлер өткен жылы бір емес бірнеше рет қараған болатын. Болжам бойынша бұл күз айында жоғалған екі жастағы бала. Әрі қарай бұл іс полиция қызметкерлеріне жолданады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login