##i-vengo banner

Биыл балқаштық 5 000 оқушы лагерьде демалады

Жазда 5 мың балқаштық оқушы мектеп жанындағы және Бектауата баурайындағы лагерьлерде демалады. Білім ордаларындағы орталықтар өз жұмысын бірінші маусым күні бастайды. Онда бір мен алтыншы сынып оқушылары тынығатын болады. Жолдама құны 8500 теңге. Бұл қаржыға балалар күніне үш рет тамақтанады. Әрі лагерьде түрлі үйірмелер мен тіл үйрететін курстар ашылады.

Ольга Садвакасова —  білім бөлімінің бас маманы

«Балалар мектеп жанындағы лагерьлерде жүзуді, сурет салуды үйрене алады. Кинотеатрға барып, түрлі концерттерге, мерекелік шараларға қатысады.

Ал Бектауата баурайындағы «Жас қанатта» биыл 1000 оқушы тынығады. Лагерьге жөндеу жұмысын жүргізуге осы жылы жергілікті бюджеттен 17млн тг бөлінген. Балалар 13 маусымнан бастап тынығуға аттанады. Аз қамтылған және көпбалалы отбасы балалары тегін демалады. Қалғандары үшін екі апталық демалыс құны 7 мың теңге. Жолдама оқушылар сарайында беріледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login