##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 13.05.2019

  1. Балқашта масамен күресуге 3 млн тг қаражат бөлінді. Қазір тендр өткізіліп, жеңімпаз мердігер компания анықталды. Мамыр мен маусым аралығында қалада залалсыздандыру шарасы 3 рет өткізіледі. Ботсад елді мекенінде 1 гектар аумақ және қала бойынша  жалпы ауданы 486 шаршы метрді құрайтын 7 көпқабаттың жертөлесіне  дизинсекция  жұмыстары  жүргізіледі
  2. «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернаты 5-ші сыныпқа қабылдау жариялайды. Оқушылар конкурстық негізде іріктеледі. Қазір ниет білдірушілерден өтініштер мен құжаттар қабылдау жүргізілуде. Физика, химия және ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын білім ордасында оқу үшін алдымен біліміңді дәлелдеу қажет
  3. Балқаштықтар қасиетті Рамазан айында көл жағалауын тазартып сауапты іс жасады.
    Еріктілер таңғы 10-нан түске дейін жағалауды 40 қап шөлмек пен қоқыстан арылтты.
    Рамазан айының адамзатқа берер сауабы мол. Осы 30 күнде Аллаһ Тағаланы көбiрек еске алу, құран оқу, кедей-кембағал, жарлы-жақыбайларды мүсiркеп, көмек беру, садақа үлестiру Жаратушының алдында мерейіңізді өсіретін жақсы амалдар болып саналады.
  4. Балқаштық жеңілатлетші Қарағандыда өткен жарыста күміс жүлдеге ие болды. Турнирге Қазақстанның түрлі қалалары мен Белоруссиядан жалпы саны 250 спортшы қатысқан. Балқаш қаласының намысын 3 жеңілатлетші қорғап қайтты. Ростислав Береснев екі дистанция бойынша алғашқы үздік ондықтың қатарына енді. Ал, Алиса Беляева ұзындыққа секіруден 30 қатысушының арасынан 5-ші орынға табан тіреді. Евгений Грабовский болса күміс жүлдені жеңіп алды
  5. Қарағанды облысында күн суытады. Орталық өңірде  ауа температурасы -6 ға дейін төмендеп, қатты жел соғады. Деседе мұндай ауа-райының Балқашқа қатысы жоқ. 14 мамырда күн ашық, күндіз сынап бағанасы 19 градусты көрсетеді. Ал 15 мамыр күні секундына 15 метрге дейін жететін жел соғып, жаңбыр жаууы мүмкін. 16 мамыр жауын-шашын болмайды, ал демалыс күндері күн қайта жылынады

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login