Балқашта масамен күресуге 3 млн тг қаражат бөлінді

Балқашта масамен күресуге 3 млн тг қаражат бөлінді. Қазір тендр өткізіліп, жеңімпаз мердігер компания анықталды.  Ал шыбын шіркеймен күрес мамыр айының ортасында басталады. Мамыр мен маусым аралығында қалада залалсыздандыру шарасы 3 рет өткізіледі. Бадсад елді мекенінде 1 гектар аумақ және қала бойынша  жалпы ауданы 4865 шаршы метрді құрайтын 7 көпқабаттың жертөлесіне  дизинсекция  жұмыстары  жүргізіледі.

Нұрболат Бөлеген –  ТКШ бөлімі жетекшісінің м.а: 7 көпқабатты тұрғын үйге дизенсекциялық жұмыстар жүргізілу жоспарланып отыр. Атап айтқанда ол коммуналдық меншіктегі 7 үй. Қараменді би 74/1, 10 шағын ауданындағы 2 үй, 14 үй және 23 үйлер, ленина көш. 91 б үй, Мұхамеджанова 22б, және Чайковский көш № 17 үй.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login