Балқаш жаңалықтары 18.04.2019

1. Балқашта күз айында жоғалған екі жастағы баланы іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Бүлдіршін өткен жылдың қазан айында жоғалған болатын. Оны табу мақсатымен құтқарушылар, полицейлер және еріктілер жалпы 30 адам таңнан бастап іздеу жұмысын жүргізді. Мамандар катермен Тораңғалыққа дейінгі аралықты қарап, көл жағалауын да шолып шықты. Әлайда әзірге нәтиже болмай отыр. Іздеу әлі 3 күнге жалғасады

2. Балқашта осы жылы алғашқы кене шағу фактісі тіркелді. Орталық ауруханаға  24 жастағы жігіт жүгінген. Ал мамандар болса күннің жылынуына байланысты қансорғыш жәндіктердің ояна бастағанын ескертеді. Әсіресе демалыс кездерінде  шөпті , талды аймақтарда ашық түсті,  жабық киініп жүруге кеңес береді. Кене жабысқан жағдайда тез арада дәрігерге көрінген жөн

3. Балқашта өткен жылу маусымында ескірген құбырлар 40 рет жарылған. Коммуналшылар артта қалған 6 ай қысты қорытындылады.  Әкімдікте жауапты мамандар депутаттар алдында есеп беріп, келесі маусымға дайындықты бастағандарын жеткізді

4. Биыл Балқашта 3 км астам суару жүйесі жаңаланады. Құбырларды ауыстыруға қалалық бюджеттен 80 млн тг бөлініп отыр. Жөндеу жұмыстары белгіленген 14 аймақта жүргізіледі. Ішіндегі ең ұзын аумақ Жезқазған көшесінен Сары-Арқа көшесіне дейін. Бұл аралықта  жасыл-желекті суаруға арналған 740 метр құбыр жаңасына ауыстырылады. Тізімге Уалиханов, Қараменде би, Ағыбай батыр секілді орталық көшелер және Сәбитова мен Шашубай м\а енген

5. Қазақстанның бірнеше қалаларында қар жауды. Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар, Атырау мен Көкшетау тұрғындарын ауа райы әбден әбігерге салды. Синоптиктердің болжауынша,  арктикалық атмосфералық фронт өзімен бірге үш күн бойы жауын-шашын,  қар аралас жаңбыр, көктайғақ айлып келеді. Желдің күшею қауіпі бар

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login