Балқаш жаңалықтары 02.04.2019

  1. Жол ережесін бұзып, қоршауды сындырған балқаш тұрғынына 100 мыңнан аса айыппұл салынды.Жол көлік оқиғасы желтоқсан айында болды. 22 жасар балқаштық таңғы 4-тер шамасында көлігін тізгіндеп, Мухамеджанов мөлтек ауданына қарай бет алған. Амангелді көшесіне бұрыла бергенде рөлге ие бола алмай, ветеринарлық зертхана маңындағы бетон қоршауға барып соғылған.
  2. Өрт кезінде денесінің 40 пайызын күйік шалған балқаштық тұрғын тікұшақпен Қарағандыға жеткізіледі. Еске сала кетейік, өткен аптада Уалиханов көшесіндегі 4 үйде 1 бөлмелі пәтер өртенген болатын. Жалын кезінде 64 жастағы ер адам мен 53 жастағы әйел зардап шекті. Енді ер адам Қарағандыдағы Мақажанов клиникасында емделеді. Ал әйел осы аптаның соңында үйіне шығарылады.
  3. Биыл Балқашта 6 көшенің жолына орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Жолдарды жөндеуге мамандар сәуір айының ортасынан бастап кіріспек. Тізімге іліккендердің бірі — Уалиханов көшесі. Жол түгелдей емес, Рысқұлов көшесінен Қадыржановқа дейін жөнделеді. Одан кейін Байсейтова. Қараменде би мен Желтоқсан көшесінің аралығын асфальттау көзделген. Тағы бірі Молдағұлова. Жөндеу жұмыстары Лениннен басталып, Желтоқсан көшесіне дейін жалғасады. Одан бөлек Қоңырат мөлтек ауданында 3 көшенің жолы жаңартылады. Құрылысқа мемлекет қорынан 187 млн теңге бөлінген.
  4. 15 балқаштық отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды. Балқашта  көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Осы маусымда 18 бен 27 жас аралығындағы 1800 адам медициналық комиссиядан өтуі тиіс. Көктемгі әскерге шақыру науқаны маусым айының соңына дейін жалғасады. Әзірге 15 адам отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.
  5. Биыл Балқаш қаласына 82 жыл толады. 1937 жылы 11 сәуірде Прибалхашстрой жұмысшылар ауылына Балқаш қаласы статусы берілген болатын.  Міне, содан бері көкше көлдің жағалауындағы шаһар танымастай өзгерді. Сол өзгерістердің куәсі- қарттар. Біз қаланың құрылысына атсалысқан 80 жастағы Сәбит Мұсатаевпен тілдестік. Құрылысшы — инженер сіз бен біз біле бермейтін көптеген мәліметтермен бөлісті. Толығырақ бейнематериалда

_____________________________

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login