Балқаш жаңалықтары 11.02.2019

  1. Балқашта 7 жасар бала түтіннің иісіне уланып қалды. Бүлдіршіндереу орталық ауруханаға жеткізілген. Ал оқыс оқиға демалыс күндері Қоңырат мөлтек ауданындағы жер үйлердің бірінде болды.Кешке қарай баланың анасы пеш жағуға кіріседі. Онда шамадан тыс 5 шелекке жуық көмір салған. Содан қара түтін пештің жарықтарынан шығып, бөлмені алып кеткен. Әйел адам бірден есік-терезені ашып, түтінді далаға шығармақ болады. Алайда үйдегі төрт баланың ортаншысына сол арада иіс тиіп қалған. Баланың басы айналып, өзін жайсыз сезіне бастайды Содан отанасы жедел жәрдем шақыртып, бала орталық ауруханаға жеткізіледі. Абырой болғанда ол иіс газының жеңіл түрімен уланған.12 сағат дәрігерлер бақылауында болғаннан кейін, үйіне жіберілген.
  2. Балқаштық бүлдіршіннің еміне ақша жинауға арналған жәшік ұрланды.  Қаламыздың еріктілері есту қабілетінен айырылған 3 жасар Милла Бедареваға арнап Приозерск қаласындағы дүкендердің біріне жәшік орнатқан.  Кеше түстен кейін ақша жиналған жәшікті белгісіз біреулер қолды қылды. Сатушының сөзінше азиаттық түр келбетті екі ер адам өздерін қайырымдылық қорынанбыз деп таныстырған. Содан дүкеншінің көзін ала бере, жәшікті алып қашып кеткен.  Ал ақша жинауға қойылған жәшік былтырғы жылдың маусым айынан бері тұр.
  3. Балқаш тұрғыны пробациялық бақылау тәртібін бұзғаны үшінқайта сотталды. Бұған дейін оның бас бостандығына 3 жыл 5 айға дейін шектеу қойылған. Бұл жазаның аяқталуына бар болғаны 3 ай уақыт қалған еді. Алайда тәртіпке бағынбағай оны бірнеше рет бұзғаны  үшін енді ол қалған уақытын темір тордың әр жағында өтейтін болады.
  4. «Балқаш Универсал» мекемесі жаңа техникамен толықты. Кәсіпорын 1 автомұнара және 2 қоқыс төгетін көлікке ие болды. Бұған дейін мекемеде  тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған  9 техника болған. Енді міне оған су жаңа екеуі қосылып отыр. Бірі стандартты, екіншісі еуро үлгіде жасалған қоқыс жәшіктеріне арналған. Айта кетейік, жаңа үлгідегі контейнерлер аббаттандырылған аулаларға қойылған. Олардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Ал биіктегі жұмыстар үшін автомұнара сатылып алынды. Оның кранының ұзындығы 14 метрге дейін жетеді.
  5. Шоколад кәмпиттер және тәтті әшекейлер. Балқаш сервис колледжінің студенттері кондитерлік өнім жасаудан сайысты. Олар 3 күн бойы түрлі тәтті-дәмді пісіріп, WorldSkills жобасының облыстық кезеңіне өтуге барларын салады.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login