Балқаш жаңалықтары 23.01.2019

  1. Балқаш қаласында былтыр 70-тен аса әйел адамнан жатыр мойнының қатерлі ісігіне апаратын белгілер анықталған. Ал біреуі қатерлі ісіктің 2 сатысына шалдыққан. Осы аптада қатерлі ісікті болдырмау мақсатында қала емханаларында ашық есік күні жарияланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
  2. Балқашта гуманитарлы-техникалық колледжде жастар орталығы ашылды. Онда студенттер кездесулер өткізіп, дебат, түрлі турнирлер ұйымдастыра алады. Ескі аудитория жастарға ыңғайлы етіп жабдықталған. Орталықтың жөндеу жұмыстарына 3 ай уақыт кеткен. Енді жас буын осы жерде ойларын еркін талқылап, түрлі шаралар өткізе алады.
  3. Балқаштық мектеп оқушылары уақытқа робот құраудан жарысты. Қаламызда «Roboland – 2019» турнирі өтті. Онда балалардан бөлек робототехника сабағының мұғалімдері де Қарағанды облысының өңірлерінен келген оқытушылармен тәжірибе алмасты. Ұстаздар аталмыш пәннің қыр-сырымен біздің тілшілерімізбен де бөлісті
  4. «Балауса» балабақшасында әмбебап шағын корт ашылды. Спорт алаңы демеушілердің кішкентай балқаштықтарға жасаған сыйы. Бүгін жаңа кордтың салтанатты түрде ашылуы болды.
  5. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша қаңтардың соңғы жексенбісі интернетсіз күн болып саналады. Атаулы дата күнтізбеде 2000 жылдың басында пайда болған. Мейрамның басты мақсаты — адамдарды ең болмағанда бір күн жаһандық желіге тәуелді болмай, шынайы әлемде өмір сүруге, айналадағылармен жанды сұхбат құруға шақыру

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login