Балқаш жаңалықтары 21.01.2019

  1. Қарағанды облысында жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің жол ережесін сақтамау салдарынан 25 жол көлік апаты болып, 4 адам көз жұмған. Осыны ескерген балқаштық тәртіп сақшылары 17 мен 19 қаңтар аралығында «Автобус» акциясын өткізді. Полицейлер үш күн бойы қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізді.  Қала ішілік және қаларалық тасымалдаушы көліктердің барлығы бақылауға алынды. Нәтижесінде, 8 жол ережесін бұзу фактісі анықталған. Оның көпшілігінде жүргізушілер автобусқа артық адамды тиеп алып, салонға шамадан тыс жүк кіргізген. Сондай-ақ, рөлде келе жатып ұялы телефонмен сөйлескен. Ереже бұзғандардың әрқайсысына хаттама толтырылып,  12 мың теңгеден айыппұл салынды
  2. Жат ағымның жетегінде кетпеу үшін не істеу керек?  Патриот болудың маңызы қандай?  Қалалық маслихат депутаты Лидия Власова және конфессияаралық қатынастар орталығының директоры Бақытгүл Бейсенбаева осы сауалды талқылау үшін балқаштық жастармен кездесті.Мамандардың айтуынша жат ағымды ұстанатын жандар салт-дәстүрге қарсы келіп, ұлттық мәдениеттен алшақтауға тырысады. Медициналық қызметтен бас тартып, мемлекеттік мерекелерді мойындамайды. Қонақтар студенттерге сол себепті жат ағымның жетегінде кетпес үшін патриот болудың маңызы зор екенін түсіндірді
  3. Балқаштық проваславтар діни мерекелері крещениені атап өтті.  Суыққа қарамастан көлге түсіп,  Құдайдан күнәләрін  кешіруді сұрады.  Бір қызығы биыл суға сүңгушілердің саны былтырға қарағанда аз болды. Толығырақ видеоматериалда
  4. Демалыста балқаштық оқушылар, студенттер және ересектер шаңғы тебуден жарысты.  Бұл спорт түрі қаламызда дамымаса да қатысушылар арасында алдын жан салмай мәреге бірінші жетіп, жақсы дайындықтарын көрсеткендер болды
  5. Балқашта ауыр атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Игорь Белоконьді еске алды. Қаламызда спортшыны ұлықтау мақсатында жыл сайынғы дәстүр бойынша эстафета өтті.  Жарысқа политехникалық колледждің студенттері мен оқытушылары қатысты. Олар мұғалім, оқушы болып бөлініп, доппен, скакалкамен жарысты. Сондай-ақ, армреслинг пен дартстан да бақтарын сынады. Қатысушылар бас-аяғы 8 сыннан өтті. Ойыншыларды Игорь Беолконның жаттықтырушысы болған Эрос Ким және «Нұр Отан» партиясы мен кәсіподақ мүшелерінен құралған әділқазылар бағалады. Жарыс соңында барлығы сый-сияпатпен марапатталды
  6. Балқаштық ұландар боз кілемде күштерін сынады. № 8 мектепте «Ұлан» сыныбының оқушыларының арасында қазақша күрестен жарыс өтті. Онда әр түрлі жастағы 60-қа жуық спортшы қатысты
  7. Балқаштық Бертыс хоккей командасы Приозерск қаласының СКА  құрамасын ойсырата ұтты. Демалыс күндері балқаштық хоккейшілер үйде жолдастық кездесу өткізді. Жерлестеріміз І айналымда-ақ мықтылықтарын көрсетіп 7:1 есебімен қарсылас команданы артта қалдырды. Сол қарқыннан қайтпаған балқаштық хоккейшілер қонақтарға еш мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп 12:5. Осылайша Бертыс  есе қайтарды. Бұған дейін Приозерскта қонақта болып, СКА командасынан 3:2 есебімен жеңілген болатын. Ендігі қарсыластары қарағандының жігіттер командасы. Сырт алаңдағы ойын 26 қаңтар күні өтеді. Әзірше 9 кездесу өткізген жерлестеріміз 8 орында

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login