Пара бермек болған Қарағанды облысының екі тұрғынына қомақты айыппұл салынды

Пара бермек болған Қарағанды облысының екі тұрғынына қомақты айыппұл салынды. Облыста өткен жылдың басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылған. 1 жыл ішінде Мемлекеттік қызмет Департаментіне 73 өтініш келіп түсіпті. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер беріліп, кінәлі адамдар сотқа тартылған. Олардың көбісі мемлекеттік қызметкерлер. Деседе, арасында қарапайым тұрғындар да бар.  Екі адам мемлекеттік қызметкерге ақша беріп, алғысын білдірмек болған. Нәтижесінде, әрқайсысы 200 мың теңгеден аса айыппұл төлеуге мәжбүр болды.

Жандос СӘРСЕНОВ-мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы

«73 өтініш келіп түскенде, 20 өтініш білім беру саласындағы проблемаларға, атап айтқанда, мектептерде, университеттерде, колледждерде ақша жинау, балабақшаларға кезекке  тұруға қатысты. Барлық шағымдар бойынша түсініктемелер берілді, кінәлі адамдар сотқа тартылды».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login