Балқаш жаңалықтары 09.01.2019

  1. Балқаш тұрғыны поезд астына түсіп мерт болды. 33 жастағы азамат теміржол торабына жүгіріп шыққан. Болжам бойынша, төтенше оқиға кешкі 7-лер шамасында Көкдомбақ-Балқаш станциясының бойында болған. Балқаш арқылы өтетін тасымалдаушы поезд Астанадан Семейге бара жатқан. Жүрдек көлік жүргізушісі жолға қарай жүгіріп келе жатқан ер адамды 200 метр қашықтық қалғанда байқап, дабыл қағып, тежегішті басады. Бірақ, Балқаш тұрғыны қашып үлгермей поездың астына түсіп мерт болды.
  2. Балқашта үш адамды үсік шалды. Оның біреуі нақты жасын, тұрғылықты жерін де білмейді. Қазір туысқандарына іздеу салуда. Жалпы қыс басталғалы бері Балқашта 6 адамды қатты аязда үсік шалған. Десе де алдағы күндері ауа райы жылы болмақ. Алайда қатты суық болмаса да үсіп қалуға болады.  Сол себепті жылы киініп, дұрыс тамақтануды ұмытпаңыздар.
  3. Техснаб кентінде оқушы қызды қаңғыбас иттер талай жаздады. Абырой болғанда бала қашып үлгерген. Жергілікті тұрғындар иесіз иттер әбден үрейімізді алып бітірді дейді. Күн суытқанда олардың қарасы көбеймесе азаймайтын көрінеді.
  4. Ленин көшесінің бойына орнатылған жол белгілері елдің наразылығын тудыруда. Басты жолдағы көлікке жол беру керектігін білдіретін белгілер әр жер үйдің ауласына қойылған. Мұны көрген балқаштықтар видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеуде.
  5. 2018 жылы Қазақстанда ет пен жұмыртқа және сүт қымбаттап, кей көкеністердің бағасы төмендеді. Статистика комитеті өтіп бара жатқан жылға қорытынды жасады. Мәлімет бойынша картоп 14 пайызға, сәбіз 6,5 пайызға жуа 5.5 пайызға, ал қырыққабат керсінше  5%, қызылша 3% арзандаған. Есесіне еттің бағасы өскен. Мәселен құстыкы  4.5%,  сиыр мен жылқы еті 4%, шошқаныкы 2.5 % көтерілген. Бәрін 13 пайызға қымбаттаған жұмыртқаның бағасы басып озды. Ал бал құны 7,5  сүттікі 6 пайызға өсті.
  6. Тауар құны Балқашта да өсті. Ал тұрғындар бағаның көтерілгенін сезді ме? Біз бүгін осы сұрақпен халық арасына шықтық.
  7. Балқаштық колледждерде студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Онда білім алушыларға мемлекеттік қызметтің 8 түрі көрсетіледі. Жаңадан ашылған кабинет бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді. Таңғы 9 дан бастап кешкі 5 ке дейін. Студенттер бұрынғыдай ХҚКО бармай-ақ осы жерден мекен-жай анықтамасын және сотталмағанын дәлелдейтін құжат алып, өзіне электронды сандық қолтаңба рәсімдей алады. Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінде осы уақытқа дейін 500 студент сандық қолтаңбаға ие болған. Одан өзге жатақханаға орналасуға өтініш беру, жоғалған студенттік билеттің, дипломның көшірмесін жасату секілді ішкі қызметтер көрсетіледі.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login