Балқаш жаңалықтары 03.01.2019

  1. Өндіріс орнында тағы да қайғылы жағдай болды. Мыс балқыту зауытында ер адам қаза тапты.  Оқыс оқиға демалыс күндері тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша 54 жастағы азамат анод пешінде өзіне берілген жұмысты атқарып жатқан. Алайда технологиялық процесс кезінде мыс балқытушы пештің қабырғасы мен кранның жүк көтергішінің арасында қысылып қалған. Зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілген. Балқаштық жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір осы қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды.
  2. Жаңа жыл түні балқаштық өрт сөндіршілер үшін тыныш өтті. Алайда 1 қаңтар күні таңғы 9.30 Бөкейханов көшесінде пәтер өртенді. Қызыл жалын дәлізден шыққан. Киімдер мен жиһаз және еден жанған. Өздері 5 қабаттан балкон арқылы 4 қабатқа түсіп, жан сақтапты.Құтқарушылар жетісімен жоғарғы қабатта тұратын 6 адамды оның ішінде 2 баланы қауіпсіз жерге шығарған. Ал өрттің шығуына қысқа тоқтың тұйықталуы себеп болған.
  3. Із-түссіз кеткен 70 жастағы балқаштық өлі күйінде табылды. Ер адамның денесі теміржол маңында жатқан. Болжам бойынша ол аязды күндері үсіп қалған. Еске сала кетейік, Серкан Ермекбаев бірінші желтоқсан күні үйінен шығып кетіп содан қайтып оралмаған. Ал іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Одан бөлек жыл соңында жоғалған тағы бір адам табылды. 6 желтоқсан күні жұмыстан шығып, үйіне қайтып бармаған 25 жастағы жігіт осы уақытқа дейін Ақтоғай ауданында болған.  Оны сондағы полицейлер іздеп тапқан.
  4. Жаңа жылды қазақстандықтар жаңа өзгеріспен қарсы алды. 1 қаңтардан бастап елімізде темекі қымбаттады. Енді әйелдер зейнетке жарты жылға кеш шығады. Одан өзге жаңа салық түрі пайда болды.
  5. Балқашта жаңа жылда 6 сәби дүниеге келді. Мереке күндері өмір есігін ашқан нәрестелердің көбісі қыздар. Жаңа жыл түнінде 1 сәби туылған. Бір қызығы 1 және 2 қаңтар күндіз ешбір әйел босанбапты. Ал 3 күні яғни бүгін 4 бала өмірге келді. Ақмарал Аққошқарова жаңа жыл түнінде босанған жалғыз әйел. Бір ұл, бі қыздың анасы 31 нен 1 не қараған түні үшінші сәбиін дүниеге әкелді. 26 жастағы келіншек  00:50 кеткенде қызды болған. Салмағы 3келі 300 грамм. Бойы 52см. Ананың да баланың да денсаулығы бірқалыпты.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login