##i-vengo banner

Балқаш жаңалықтары 27.12.2018

  1. Балқашта қызыл жалын тағы бір адамның өмірін жалмады. Ағайынды Мусиндер көшесіндегі 22 үйде пәтер өртенді. Өрт таңғы 4-те болған. Үй иесі бұл уақытта ұйықтап жатқан. Ал өрт сөндірушілерді түтіннің исін сезген көршілері шақырыпты.
  2. Балқаш ауруханасына қатты аязда үсіп қалған екі адам түсті.  Бірі үскенімен қоймай, қатты күйіп қалған. 45 жастағы Тараңғалық кентінің тұрғыны үсіп қалған аяғын жылытпақ болып, ыстық пештің жанында ұзақ отырған. Нәтижесінде, аяғы күйіп қалған. Қазір ер адам Қарағанды қаласына Мақажанов атындағы клиникаға ем алуда. Ал екінші азамат Сарышаған елді мекенінің тұрғыны. 55 жастағы азаматты көшеде біреулер ұрып кеткен. Ол басынан алған соққыдан, есінен танып қалып, ұзақ уақыт бойы далада жатқан. Нәтижесінде бір аяғы үсік шалған.  Қазір ол үйге шығарылған. Жақын күндері аяғына ота жасалуы мүмкін.
  3. Енді психоневрологиялық, наркологиялық және түберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрмайтыныңызды дәлелдейтін анықтаманы егов порталы арқылы тегін алуға болады. Ол үшін электронды үкімет сайтына кіру қажет. Тіркелгеннен кейін, денсаулық сақтау бөліміне өтіп керекті ұяшықты таңдайсыз. Құжат тегін беріледі. Ал бұрын анықтаманы алу үшін мекемеге барып, ақы төлеу  керек болатын.  Қазір ешқайда сабылудың қажеті жоқ. Егов.кз сайты арқылы психоневрологиялық, наркологиялық және түберкулезге қарсы диспансерде есепте тұрмайтыныңызды дәлелдейтін қағаз 15 минут ішінде беріледі.
  4. «Ботажан» оңалту орталығының балалары жаңа жыл мерекесін тойлады. 70-тен аса мүмкіндігі шектеулі балалар Аяз ата мен ақшақардан түрлі тәттілер мен сыйлықтар алды. Балалар аяз ата ақшақармен бірге шыршаны айналып, би-билеп, ән айтып көңіл көтерді. Қаланың ерікті жастары да ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, кішкентайынан тағдырдың тауқыметін тартса да, мойымайтын балаларға қуаныш сыйлады.
  5. «Үміт Үзбе»  қоғамдық бірлестігі 120 балаға жаңа жылдық сый жасады.  Еріктілерден құралған ұйымға кәсіпкерлер мен түрлі мекемелер және қарапайым қала тұрғындары көмек көрсеткен. Бірі қаржылай демеушілік білдірсе, енді бірі ойыншықтар әкелген. 10 даған келі жеміс-жидек, кәмпит секілді тәтті-дәмдіні үйіп тастаған. Жиналған заттардың барлығы №3, 4 мектеп интернат оқушыларына, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тең бөлініп берілді. Жалпы 122 бүлдіршін қамтылды.
  6. Қала тұрғындары революцияға дейін  және кеңес үкіметі құрылған кезде жарық көрген ашық хаттарды тамашалай алады. Қалалық мұражайда жаңа-жылдық карточкалар көрмеге қойылды. Әр қайсы өткен тарихтан сыр шертеді.

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login