##i-vengo banner

Балқашта көп қабатты үйлерге сараптама жүргізу үшін бюджеттен 6,5 млн теңге бөлінді

Балқашта көп қабатты үйлерге сараптама жүргізу үшін бюджеттен 6,5 миллион теңге бөлінді. Бөлінген ақшаға қаламыздағы екі үйдің апатты жағдайда тұрған тұрмағанын анықтау үшін комиссия сараптамасы жүргізілді. Жалпы, қаламызда барлығы 585 көп қабатты үй бар. Оның 112-і жөндеуді қажет етеді.  Ал, оларды апатты жағдайда деп тану үшін тұрғындар өз қаражаттарына қымбат тұратын экспертиза жасатулары тиіс. Оны барлық балқаштықтардың қалтасы көтере бермейді. Осыны ескерген қала билігі демеушілік көрсетуде. Биыл мемлекет қорынан үйлерге сараптама жасауға 6,5 миллион теңге бөлінген. Сол ақшаға алматылық мамандар Қараменде би 10 және Сейфулин 33 көшесіндегі үйге сараптама жасады. Алайда, қорытындысы әлі дайын емес.

Любовь Куткова —  Қараменде би көшесі, 10 үйдің кондоминиумы: «Бұл үйде келеңсіз жағдайлар жиі орын алады. Мысалға, жаңбыр жауса төбеден су ағады. Қабырғаларда жарықтар пайда болды. Бесінші подьезді апатты жағдайда деп санаймыз. Сол себепті билік өкілдерінен біздің осындай қиын мәселемізді шешіп берулерін өтіндік».

 Соңғы үш жылда мемлекет қаражаты есебінен тағы үш көпқабатты тұрғын үй тексерістен өткен. Оған бюджеттен шамамен үш миллион теңге жұмсалды. Алайда бірде бір үй апатты деп танылмаған. Мамандар тек тұрғындарға үйді жөндеуге кеңес берген.

Сағатбек Балапанов – тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы: Қалада өзін-өзі басқаратын 16 үй бар және станция Балқашта 32 үй өзін –өзі басқаруда. Өзін-өзі басқарған деген сөз 20 пәтер болатын болса, осылардың ішінен бір адамды таңдап алады. Қалған пәтер иелері көмекші болу қажет. Жеке счеттар ашу керек».

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login