Балқаш жаңалықтары 10.12.2018

  1. Балқаш көлінде 23 жастағы ер адам мұз астына кетіп, қаза тапты. Оқыс оқиға Тасарал кентінен   15 шақырым жерде болды. Сол ауылдың тұрғыны, қасына 2 жолдасын ертіп  «Уазик» көлігімен Аралға кеткен. Алайда, ауылдан ұзай бергенде әлі қата қоймаған мұз жарылып кетіп, көлік су астына кеткен.
  2. Балқашта 70 жастағы ер адам жоғалды. Зейнеткер 1 желтоқсан күні үйінен шығып кеткен. Содан әлі қайтып оралмапты. Серкан Ермекбаев 1948 жылы дүниеге келген. Ерекше белгілері бойы 150-160см.  Орташа денелі. Ішінің сол жағында тыртығы бар. Жүргенде ақсаңдап жүреді. Сол күні үстінде қара трико, көк күртеше, қара шапкасы және бәтеңкесі болған. Қандай да бір мәлімет білетін болсаңыздар 8 747 572 37 50, 8 705 550 84 25  немесе 102 нөміріне хабарласыңыздар.
  3. Қазақмыс Смэлтинг компаниясына жарты млн теңге айыппұл салынды. Кәсіпорын қауіпті қалдықтарды дер кезінде жоймаған. Биыл қыркүйек айында облыстық прокуратура Балқаш мыс зауытына тексеріс жүргізіп, бірқатар ереже бұзушылықты анықтаған. Зауыттың аймағында 2 тонна пайдаланған май,  істен шыққан 2 тоннаға жуық дөңгелек,  және краска мен лактан қалған 300 кг ыдыс сырты табылған. Заң бойынша сақтау мерзімі 6 айдан аспау қажет.
  4. Балқашта қараша айында 3 адамнан вич инфекциясы анықталған. Оның екеуі әйел адам. Бірі жүкті. Бала көтергеннен кейін өзінің айықпас дертке шалдыққанын білген. Қалалық спид орталығының мамандары Балқаш Сервис колледжінде студенттерге аурудың қаншалықты қауіпті екенін, қандай жолдармен таралатыны жайында мәлімет берді. Кейін жиналғандар өз қалауы бойынша вич статусын білу мақсатымен анализ тапсырды.
  5. Қаламызда 200-ден астам бос жұмыс орын бар. Жұмыс ұсынушылардың басым бөлігі мектептер мен колледждер. Мысалға №7 мектеп-гимназиясына математика, физика және орыс пен ағылшын тілінде сабақ беретін ұстаздар қажет. Сондай-ақ №17, 4, 10 мектептері тарих, география мұғалімдері мен психолог мамандарына қызметке қабылдауға әзір.  Ал Балқаш гуманитарлық-техникалық және политехникалық колледждерінде 20-дан аса бос орын бар. Бұдан бөлек, балабақшаларға тәрбиешілер мен қалалық аурухана мен емханаларға дәрігерлер қажет. Бос жұмыс орындарының толық тізімін  оркен-медиа.кз сайтынан көре аласыздар.
  6. Қазақстандықтарды алда ұзақ демалыс күндері күтіп тұр. Тәуелсіздік мейрамына орай еліміздің тұрғындары қатарынан 4 күн демалмақ. Биыл 16 желтоқсан жексенбіге тұспа-тұс келгендіктен, мереке күні 18 желтоқсанға ауыстырылды. 17 желтоқсан да күнтізбеде қызыл күн болып саналады. Осылайша, қазақстандықтар қатарынан төрт күн, яғни 15 желтоқсан сенбіден 18 желтоқсан сейсенбі күнге дейін демалады.
  7. Балқаштық «Бертыс» хоккей командасы Приозерск қаласының ойыншыларымен жолдастық кездесу өткізді. Жалпы, хоккей ойынында 20 минуттан 3 айналым. Балқаш және Приозерск қаласының хоккейшілері арасындағы ойында қорытынды есеп 7:5.  Осылайша мұз айдындағы сайыста «Бертыс» командасы жеңіске жетті.

 

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login