Бүгін — дүние жүзі бойынша халықаралық еріктілер күні

Бүгін — дүние жүзі бойынша халықаралық еріктілер күні. Атаулы дата  осыдан 30 жылдан аса уақыт бұрын пайда болған. Мереке бос уақыттарын өзгелерге қол ұшын беруге арнайтын жандардың еңбегін бағалауға бағытталған. Балқаштықтар да қайырымдылық жасаудан қалыс қалып жатқан жоқ. Оған дәлел, талайларға көмек беріп жүрген қайырымдылық мекемелер мен қоғамдық бірлестіктер.

25 жастағы Олег Никитин 7 жылдан бері тұрғындарға із-түссіз кеткен жақындарын табуға көмектесіп келеді. Жоғалған адамдарды қауыштыру мақсатында арнайы топта ашқан. Онда өзі секілді өзгенің қайғысына бей-жай қарамайтын жандар жиналған. Қазір ол  жоғалған жандарды әлем бойынша іздейтін rina.kz волонтерлік тобының мүшесі.

Бұл парақшада із-түссіз кеткен азаматтардың суреті жарияланады. Ал оларды іздеп табуға мыңнан аса аса ерікті жұмылдырылады. Көмек көрсетушілердің арасында Өзбекстан, Ресей және Оңтүстік Корея сынды елдердің азаматтары да бар. Ал балқаштан 25 адам  еріктілердің қатарында. Хабар-ошарсыз кеткен жандарды іздеуге атсалысып жүр.

Олег Никитин – ерікті

Барлығы менің көршім жоғалып кеткенде басталды. Көршімнің қызы келіп, қала ішінде іздеу салу туралы парақшаны қыстыруға көмектесуімізді сұрады. Сол оқиғадан кейін мен адамдар жинап осы іске кірісіп кеттім. Біз ақшаға жұмыс істемейміз, шын жүректен көмек көрсетеміз».

Ал «Үміт үзбе» бірлестігі  ауыр дертке шалдыққан жандарға ақша жинап көмек көрсетеді. Қордың құрылғанына бір жыл болған. Осы уақыт аралығында 20 адамның еміне 10 миллион теңгеге жуық қаражат жинағап берген. Ол үшін  қайырымдылық кештер өткізіп, сауда орындарына ақша жинауға арналған жәшіктер қойған.

Ирина Рожкова – «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің мүшесі

«Бірлестік шығармашылық топтан құрылған. Еріктілердің басым көпшілігі әншілер, бишілер, жүргізушілер. Сондай-ақ, бізге көптеген студенттер, балқаштық тұрғындар көмек көрсетуге ілтипаттарын білдіріп жатады».

Одан бөлек қаламызда иесіз қалған үй ит пен мысықтарға қамқорлық танытатын орталық бар. Қазіргі таңда, онда халықтан жиналған ақшаға үйшіктер салынып, 100-ге жуық ит орналастырылды. Төрт аяқты жануарлардың ішер тамағы мен күтімі де еріктілердің мойнында. Мұнымен қоса балқаштық волонтерлер мұқтаж жандарға үнемі көмек көрсетіп, қарттар мен ардагерлердің үйлерін жинап, қаланың көркеюіне де ат салысып жүр.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login