##i-vengo banner

Балқашта жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі ашылады

Балқашта жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі ашылады. Бүгін жаңа оқу орталығы өтініш қабылдауды бастап кетті. Бар жоғы 50 адам қабылданады. Олар 3-4 курс суденттері немесе жоғары білімі бар 18 бен 29 жас аралығындағы жастар болуы тиіс. Әсіресе жұмысыз жүргендерге үлкен мүмкіндік. Кандидаттар алдымен тест тапсырып, ҚР заңын білетіндігін дәлелдеуі тиіс. Егер бұл сыннан сүрінбей өтсе, онда Қарағанды қаласындағы мемлекеттік басқарма академиясында 3 күн оқиды. Бәрі тегін. Кейін сертификат беріліп, жас маман тәжірибе жинақтау үшін Балқаш қаласындағы мемлекеттік органдарға жолданады.

Малика Күсенбаева – Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет мектебінің жетекшісі:

«Кандидаттардың мамандығы маңызды емес. Ең бастысы жоғары білімі болса жеткілікті. Немесе 3-4 курс студенті болуы тиіс. Олар Балқашта тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа қабылданады.

Өтініштер осы аптаның соңына дейін  рухан жаңғыру орталығында қабылданады. Кандидаттар жеке куәлігін, мекен-жай анықтамасын, және сотталмағандығын дәлелдейтін құжат пен оқу орнынан немеес жұмысынан мінездеме  мен түйіндемесін әкеліп өткізуі тиіс.

Аслан Бекишев – Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет мектебінің қатысушысы:

«Қазір мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы департаментте тәжірибеден өтіп жатырмын. Заңдардың барлығын жатқа білемін. Мемлекеттік қызметкер болу үшін тырысып жүрмін.

«Мемлекеттік қызметкер» мектебіне қажетті құжаттар

— жеке куәлік көшірмесі

— мекен-жай анықтамасы

— сотталмағандығы туралы анықтама

— оқу н\е жұмыс орнынан мінездеме

— түйіндеме

— өтініштер 23 қарашаға дейін қабылданады

 

Теперь мы в Telegram. Будьте в курсе событий города подписывайтесь, на наш Telegram

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login