Жыл басынан бері 70 балқаштық уақытша ұстау изоляторына қамалды

Жыл басынан бері әкімшілік құқықты бұзған 70 балқаштық тұрғын уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың көбісі ұсақ бұзақылықты жасағаны үшін темір торға тоғытылды. Оның ішінде 40 адам темекі тұқылын тастап, шемішке шағып, қоғамдық орынды ластағаны үшін жазаланды. Ал 13-і соттың шешімін пысқырмағандықтан уақытша ұстау изоляторында отырып шықты. Қалғандары жол ережелерін бұзғандықтан, ішімдік ішіп алып рөлді басқарғандықтан, отбасылық жанжалдың салдарынан қатаң жазаға тартылды. Барлығы 1 күннен  20 күнге дейін  темір бөлмеге қамалды.

Лязат Сағымбекова–әкімшілік мамандандырылған сотының төрайымы
«Біз айыпталушының хаттамасына, оның жасаған бұзақы әрекетіне қарап жазаны қолданамыз. Немесе салынған айыппұл төлемесе, соттың шешеміне мән бермеген жағдайда қамаймыз ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать