Жылдық ас Коккузов Еркебек Сармантайұлы

Руы – Аралбай-Қондыбай, Коккузов Еркебек Сармантайұлының (20.01.1959-07.03.2017ж.ж.)  өмірден қайтқанына 1 жыл толады.

Жылдық асы 24 ақпан күні сағат 12.00-ден бастап Тасарал ауылының дәмханасында беріледі. Ағайын-туыстарға, құда-жекжаттарға, достарына, ауылдастарға және танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Бәйтеректей әулетке сая болған,

Бәрінен де мейірімін аямаған.

Жәннатта жаның болсын, рухың биік,

Өзіңдей аяулы адам қайда бізге.

 

Сағындық қой, сары күздей сарғайдық,

Жанымызды жеп барады мұң-қайғың.

Қанаттыға қақтырмай жүруші едің,

Айтшы, әке, бізді енді кім қорғайды.

 

Ақкөңіл-ең әр кезде жарқылдаған,

Туысқа да, досқа да аңқылдаған.

Бәрімізді қалдырып қайда кеттің,

Жылап қалды ағайын, артыңда анаң.

Жүруші едің қабағын бағып анаңның,

Көңілін тауып қарындас, бауыр, ағаның.

Сағынышымды сыйғыза алмай ішіме,

 

Өлең қып жаздым қалмады басқа амалым.

Бәрімізді еркелеткен сонау бала кезден-оу…

Сенің адал еңбектерің бағаланбас сөзбен-ау.

Жаны жайсаң, сабырлы да, саф алтындай салмақты,

 

Сағындық қой дауысыңды, асыл, алтын әкем-ау.

Асыл Аға, сағындым нұрлы бейнеңді,

Сені ойласам сағыныш оты кернейді.

Сол сағыныш бар жанымды күйдіріп,

Жоқтығыңа әлі сенгім келмейді.

 

Өмір осы білмес әр кез аяуды,

Көңіл осы көтеретін қаяуды.

Орның сенің бөлек еді біздерге,

Ардақты аға, асыл аға, аяулы.

 

Қол жайып, рухыңа құран бағыштаймыз,

Өзіңізді әркез еске аламыз, ұмытпаймыз.

Жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа болсын,

Қабіріңіз құран менен нұрға толсын!

 

Хабарлаушылар: анасы – Әсембала, бауырлары, балалары, немерелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *