Жылдық асы Рахымбекқызы Күлмарым

Нарманбет ауылының тумасы, Руы Тобықты – Ақсары, Ақбұзауов Сарқытбай бәйбішесі, Руы Құлық – Жалаңтөс, Рахымбекқызы Күлмарым анамыздың өмірден қайтқанына 1 жыл толады.

Шаңырағымыздың бәйтерегі, әулетіміздің ұйытқысы анамызды сағынышпен еске аламыз. Топырағыңыз торқа, иманыңыз жолдас, алдыңыз пейіш, артыңыз кеніш болсын!

Анамыздың аруағына құран бағыштап 25 қараша күні «БАҚЫТ» мейрамханасында сағат 11.00-ден бастап жылдық асы беріледі.

Туған-туысқандарға, құда-жекжаттарға, көршілерге, ауылдастарға, балаларының жолдастарына, еңбек ұжымдарына және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Берсін Алла жасыңды,

Артыңда қалған ұрпаққа.

Алла жар боп өзіңе,

Аруағың жебеп қорғасын.

 

Батамыз бағышталған қабыл болсын,

Мекеніңе Алланың нұры толсын.

Аруағың біздерді жебей жүрсін,

Ұрпағыңа артыңдағы бақыт қонсын!

 

Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,

Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.

Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,

Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.

«Рахмет!» -дей келіп, шақырамыз,

Анамызға арнап жайған асымызға.

Хабарлаушылар: балалары, немерелері, шөберелері.

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *