Жылдық ас Жұмағұлова Мая Ғаниоллақызы

Аяулы анамыз, руы Тобықты – Шомақ, Жұмағұлова Мая Ғаниоллақызының жарық дүниеден өткеніне 1 жыл болады.

Жылдық асы 13 қаңтар күні сағат 11.00-ден бастап МЕШІТТІҢ КІШІ залында беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, көрші-қолаң, бірге істеген еңбек ұжымына, балаларының жора-жолдастарына, жұмыс орындарына және барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

 

Анашым! Шықпай жүрсің күнде есімнен,

Оралмассың сапардан енді мүлдем.

Оянбассың тыныш жер бесігіңнен,

Жатқан жерің жайлы боп, жан Анашым!

Бәрімізге қарашы кешіріммен.

 

Асыл Ана, сағындық нұр жүзіңді,

Көзімізден Сізді ойлап жас үзілді.

Немерелер әжелеп армандауда,

Олар да таппай қалды Сіздің ізді.

 

Жыл толды кеткелі арамыздан,

Қанат қақпай құладың қара құздан.

Сағынышпен сан жылдар өтсін мейлі,

Нұрлы бейнең өшпейді санамыздан.

 

Ағайын мен туысты ешқашан бөлмеуші едің,

Ауыр сөзді ешкімге, зілденіп айтпаушы едің.

Қысқа болып ғұмырың жалған мынау дүниеде,

Арманда кеттің көре алмай бала-шаға қызығын.

 

Қош бол, Ана, иман болсын жолдасың,

О дүниеде Жаратқан Ием қолдасын!

Ізгілікпен жүріп өткен жолыңды,

Келешекте ұрпақтарың жалғасын!

Еске алушылар: жолдасы, балалары, немерелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *