Жылдық ас Кайдакешова Бақыт

Руы Қожа, аяулы ана, сүйікті жар Кайдакешова Бақыттың өмірден өткеніне 1 жыл толады.

(16.01.1957-16.01.2017 ж.ж.)

Жылдық асы 23 желтоқсан күні сағат 15.00-ден бастап Сатпаев қаласы, Балмағанбет Балқымай мешітінің кіші залында беріледі. Ағайын — туыс, құда — жекжат, көршілерге, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.

Иманыңыз мәңгілікке жолдас болсын,

Аруағыңыз ұрпағыңды қолдап жүрсін.

Түскен кезде қайғы-мұң басымызға,

Ағайын, көрші, құда-жекжат болды қасымызда.

«Рахмет!» -дей келіп, шақырамыз,

Анамызға арнап жайған асымызға.

 

Ауырсаң да, соңы жақсы болады деп ойлаппыз,

Бейғамдық па, жақсы ойдан басқаға ден қоймаппыз.

Дәл осы күн! Сен болғанда арамызда Бақыт,

Мерей тойың 60 жасты, отырар-ек тойлап біз.

 

Жыр жазамын ақ парақтың бетіне,

Жүрек мұңым құлағыңа жетер ме?!

Сағыныш мазалайды кеудемді,

Мүмкін мұны жан жолдасым сезер ме?!

 

О, жалған-ай! Ойладым ба? Сенсіз өмір кешем деп,

Сен артымда қалса деуші ем, өзім бүгін өлсем деп.

Сол арманның орындалмай, айналғаны — теріске,

Өзегімді өртке орады, қалдым сорлап — кемсеңдеп.

 

Еңіреп қалды анаң, бауырларың,

Жылап қалды жан-жарың, балаларың.

Не шара жансыз бейне қалдық құшып,

Амалсыздан сағыныш жырын жазып.

 

Еңсені басып ауыр мұң,

Жылаумен өтер талай күн.

Мәңгілік орның жарық боп,

Торқа болсын топырағың!

 

Ас берушілер: анасы — Тоқыш, жолдасы — Сұлтанбек, бауырлары, балалары, немерелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *