Жылдық ас Ермолдин Көпжасар Боқтыбайұлы

Ақшатау кентінің тумасы,

Руы – Керней, Түйте, Қабыл,

Ермолдин Көпжасар Боқтыбайұлының дүниеден өткеніне 1 жыл болды.

Ардақты әке, аяулы бауырымыздың жылдық асы 25 қараша күні сағат 11.00-ден бастап ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТТІҢ ҮЛКЕН ЗАЛЫНДА беріледі. Асқа ағайын-туыс, құда-жекжат, бірге еңбек еткен ұжымын, жора-жолдастарын, көршілерді, барша танитын жамағатты шақырамыз.

Көпке сыйлы, құрметті едің ауылда,

Мейір төккен ағайын мен бауырға.

Алаламай алыс-жақын, туысты,

Бірдей болдың жалпы туған-бауырға.

 

Арамызда жоқсыз, сіз, бір жыл өтті,

Жанымызды сағыныш мұң жүдетті.

Панамыз ең, саялы бәйтерек ең,

Әкеміз ең ақ пейіл, нұр жүректі.

 

 

Әкемізді жан жоқ еді мақтамаған,

«Көбен»–деп, үн  қатқандай хақ тағалам.

Ағайынға бауырмал жарқын жүзің,

Жан болмас көңілінде сақталмаған.

 

Қол жайып «Әумин» — деп бата оқып,

Жүреміз талай барып қабіріңізге!

Мейіріммен жымиған күлкіңізді,

Еске алып, мәңгілікке сағынамыз.

Жатқан жеріңіз, жан әке, жайлы болып,

Сәуле шашып тұрсыншы қабіріңізде.

Ас берушілер: жезде-апасы: Серғали-Мұңлық, бауырлары: Серік, Рымкүл, Нәсіпкүл, балалары, немерелері.

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *