Жылдық ас Дүйсенбекова Қарлығаш Өмірғалықызы

Нарманбет ауылының тумасы,рРуы Тобықты – Ақсақ, Сәрсенбек әулетінің келіні Оспанов Батырбектің жұбайы, руы  Шомақ, Дүйсенбекова Қарлығаш Өмірғалықызының дүниеден өткеніне жыл толды.

Жылдық асы 12-ші қаңтар күні «СҰЛТАН БЕЙБАРЫС» мейрамханасында сағат 11.00-ден бастап беріледі. Ағайын-туыс, құда-жекжат, жора-жолдастарына, Нарманбет ауылының тұрғындарына, көршілерге, барша танитын жамағатқа хабарлаймыз.

Шаршайды адам аурудан,

Ден сау боп шаршау өтірік.

Шаршадым десе дені сау,

Тастаңдар оған зекіріп.

(Қарлығаш сөздерінен)

Еске алу

Аяулы жар, қадірлі ана, туыстың ардақтысы Қарлығашымызды қимастықпен еске аламыз.

Жылым жылжып өттің-ау сағындырып,

Қимастықтың моншағын тағындырып.

Көздің ақ пен қарасы, аласындай,

Әулет көңілін жауладың бағындырып.

 

Жатырсың төмпешік боп қыр төсінде,

Сақталасың туыстың мәңгі есінде.

Қарсы тұрар амал да болмай қалды,

Өмірдің өлшеп қойған келтесіне.

 

Батырыңның жамылып сын шекпенді,

Әке-Ана орнында жүргені анық.

Амандығын ордаңның қорғап жатшы,

Нәзік жүрек сезе алса, құлақ салып.

 

Көрегендік көздерің көктем еді,

Сездің бе екен ажалдың беттегенін,

Қиналсаң да қайратқа мініп алып,

Ернатыңды отаулап, кеткен едің.

 

Үмітіңді жақсыға жоруменен,

Қайырын тілеп жаттың тылсым күннің.

Әке қадірін балаға түсіндіріп,

Үш құлынды неге ерте күрсіндірдің.

 

Немереге ат қойып үлгердің де,

Түстің-ау ауруменен күйбең күйге.

Ошақтың тұтқа анасы, аяулысы,

Ашылмас, құлыптаулы үйге ендің бе?

 

Таныс бәрі сағынды өзін көрмей,

Көзде моншақ үзіліп езілгендей.

«Жылдық екен» деген сөз қандай суық,

Келмесін енді қайтіп сезінгендей.

Әкесін балаларға қапсырдың да,

Ернатыңды баулыдың, қазық еттің.

Үш балаңды жарыңа тапсырдың да,

Үмітті еді. Дерт бірақ, жазым еттің.

О, ажал, өтімдісің, қатыгезсің,

Бұл ойы саған айтар назы көптің.

Ас берушілер: жолдасы – Батырбек, балалары, Сәрсенбек әулеті.

 

 

 

Комментировать

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *